«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шеберлік сағаты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы “Bars” баскетбол клу­бы өңір тарихында алғаш рет ел бірін­шілігінде топ жарып, солтүстікқазақ­стан­дықтардың төбесін көкке жеткіз­ген болатын. Жергілікті ұжым биыл да сәтті өнер көрсетуде. Үш кезеңнің қо­рытындысы бойынша команда 2-ші орында келеді. Қазір жігіттер Петро­павлда кезекті турға дайындық үстін­де. Бас бапкер Николай Куркин команданың жаттығуын тамашалауға қала және аудандағы спорт мектептерінің мамандарын шақырып, бар білгенімен бөлісті. “Бүгін клубтың басшылығымен және ойыншыларымен бірге шеберлік сағатын өткіздік. Шара соңында мамандарға бағыт-бағдар бердік. Өзім қала және облыс бапкерлерімен әріптестік қарым-қатынас орнатқаныма қуаныштымын”, – деді Николай Куркин.

Шеберлік сағаты барысында шабуыл және қорғаныс кезіндегі комбинациялар, түрлі айлатәсілдер көрсетілді. Дене қыздыру жаттығулары туралы да айтылды.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp