«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оншақты студентті тақырға отырғызып кеткен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 10 шақты студентті 2 млн теңгеге алдады деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, петропавлдық полицейлер бірнеше алаяқтық қылмыс жасаған күдіктіні ұстады.

Ол құрбандарын таныстары арқылы тауып, студенттерге сыйақы үшін ұялы телефон алуға тауарлық несие ресімдеуді ұсынған.

Кейін «банктегі танысы» арқылы несиені өтеп беретінін айтқан.

Жәбірленушілер алған телефондарын алаяққа беріп, уәде етілген 10 мың теңгені алған, алайда белгілі бір уақыттан кейін несиелерінің жабылмағанын білген.

Жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол 20 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.

«Қазіргі уақытта істе 10 шақты эпизод бар. Келген шығын сомасы – 2 млн теңгеге жуық. Жәбірленушілерді анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Айта кететіні, барлығы дерлік – студенттер, жасы күдіктімен шамалас. Олар несие ресімдеу үшін жеке мәліметтерін берген. Енді алаяқ құрбандарының несиесін «банктегі танысы арқылы» емес, өздеріне төлеуге тура келеді. Екі ай бұрын дәл осындай алаяқты ұстаған едік. Күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға және жеке мәліметтерді ешкімге бермей, сақ болуға шақырамыз», – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp