«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 4, 2022

ЖАНЫП КЕТТІ

Петропавл қалалық «Нұр» мешітінен өрт шықты. Зардап шеккендер, қаза тапқандар жоқ.

“РИНГКЕ ОРАЛУ ОЙЫМДА ЖОҚ”

Бокс – еліміздегі кең тараған спорт түрлерінің қатарында. Қызылжарлықтар да халықаралық деңгейде түрлі додалардың жеңімпазы атанып, көк Туымызды желбіретіп жүр. Облыстың бокс тарихында атын алтын әріптермен жаздырған, ел мақтанышына айналған Жанат Жақиянов былғары қолғабын шегеге ілгелі оны іздейтіндер көбейді. Жақында кәсіпқой бокстан WBA (Super) нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы, бүгінде Камиль Сафин атындағы бокс мектебінің …

“РИНГКЕ ОРАЛУ ОЙЫМДА ЖОҚ” Read More »

ЖАҚСЫЛЫҚ НӘРІ

“Харекет” қайырымдылық қоры Петропавлда тұратын көпбалалы анаға үй сатып алып берді. 2017 жылы құрылған қор бес жылдан бері баспанаға мұқтаждарды қуантып келеді. Осы уақыт ішінде ұйым өкілдері 569 отбасының арманын орындапты. Қарлығаш Адасбаева – алты бала­ның анасы. Үлкен қызы церебралды сал аурымен ауырады. Ал кенжесі әлі үш жасқа толмаған. Қор мүшелері жал­ғыз басты ана үшін …

ЖАҚСЫЛЫҚ НӘРІ Read More »

ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Білім және ғылым министр­лігі қазақстандық жоғары оқу орындары арасында өткізіл­ген рейтинг нәтижесін жария­лады.

ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫ

Қызылжар өңірінде қаңтар айында облыстық көші-қон қыз­метінің мамандары 39 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тарт­ты, оған негізгі себеп – Қазақстан Республика­сын­да болу мерзімін бұзу. Бұдан бөлек, облыстың 58 тұрғыны да жазаға тар­тылды, олардың басым бөлігі ше­телден қонаққа келген азаматтар ту­ра­лы үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарын хабардар етпеген.

Қыста қауіп еселенеді

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орын­басары Марат Қанғожинов, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас­тығы Дмитрий Растихин өңірлік коммуникациялар қызметінде өт­кен брифингте қыс маусымы кезінде қызыл жалыннан сақтану шара­лары және қар құрсауында қалғандарды құтқару туралы айтып берді.

ҚҰРАМЫ ЖАҢАРДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының жаңадан құрылған қоғамдық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Отырысты облыстық мәслихаттың хатшысы – қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Владимир Бубенко ашты. Ол қатысушыларға Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңына, үлгілік ережеге сәйкес құрамына тоғыз адам кіретін жұмыс тобын құру бойынша конкурс өткенін хабарлады. 2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап, …

ҚҰРАМЫ ЖАҢАРДЫ Read More »

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ЖӨНДЕЛЕДІ

Облыстық білім басқармасы өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, биылғы міндеттерді айқындады. Ведомствоның алқа мәжілісіне өңір басшысының орынбасары Ғани Нығыметов қатысты. Биыл білім саласына бөлінген қаржы көлемі 13,1 пайызға артты, яғни саланы дамытуға 114 млрд. теңге жұмсалады. Бұл – өңір бюджетінің 35 пайызына тең.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК — ЖАҚСЫ ҚАСИЕТ

Солтүстік Қазақстан облысында шаруашылық басшыларының тұрғындар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде меморандум әзірленді. Құжатта әр елді мекеннің ерекшелігі, даму деңгейі ескерілген. Өйткені бір ауылда әлеуметтік нысандар жұмыс істесе, енді бірінде тіпті балаларға арналған қарапайым ойын алаңы да жоқ. Биылдан бастап жергілікті билік бұл олқылықтарды жоюды қолға алмақ. Ауыл-аймақты көркейтуге шаруашылықтар қол ұшын береді.

КӨРСЕТКІШТЕР КӨҢІЛДЕГІДЕЙ Алайда жұмысы ала-құла аудандар да бар

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының алқа мәжілісі өтті. Жиында облыс аумағында орналасқан кәсіпорындардың, шағын және орта бизнес субъектілерінің өткен жылғы көрсеткіштері, туризм, сауда салаларын дамыту, инвестиция тарту бағыттарында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар әңгіме арқауына айналды.

Ұлттық парк – ерекше назарда

Екі мыңнан астам көлі, 700 мың гектарға жуық орманды алқабы бар өңірде экотуризмді дамытуға мүмкіндік зор. Оның ішінде Шалқар-Имантау курортты аймағының әлеуеті жоғары. Табиғаты көркем бұл жер 2018 жылы республикалық маңызға ие он үздік жоба қатарына енгізілген.

Шәкәрімнің Сәбитке жазған хаты

1931 жылдың қаңтар айында Шыңғыстауға (Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының маңы) сол кездегі Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы, жазушы Сәбит Мұқановтан арнайы хат келеді. Хатта ол Шәкәрімнің еңбектерін басып шығаруға көмектесетінін және сол үшін қолжазбаларын жіберуді өтінеді. Кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Сәбит Мұқановқа жауап хат жазады. Хат мәтіні “Шәкәрім: ғылыми-танымдық басылымынан” (Алматы, 2013, 377-379 беттер) …

Шәкәрімнің Сәбитке жазған хаты Read More »

600 адам кері көшкен

Солтүстік Қазақстан облысына нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2017-2021 жылдар аралығында 2700 отбасы қоныс аударды.

БЕЙБІТШІЛІК ЖАРШЫСЫ

Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің конфессиялық кеңістік құрылымы айтарлықтай өзгеріп, жаңа діни ахуал қалыптасты. Діни бірлестіктердің саны артып, республика аумағында жұмыс істейтін миссионерлердің іс-әрекеті қадағалана бастады. Діни сенім бостандығын өз мүдделеріне пайдаланып, теріс ағымдар жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, радикалды бағыттағы идеологияны насихаттауға ұмтылатындарға жол бермеу, заңсыз іс-әрекеттерін болдырмау басты міндетке айналды. Бүгінгідей күрделі ахуал жағдайында этносаралық …

БЕЙБІТШІЛІК ЖАРШЫСЫ Read More »

ОҚУШЫЛАРҒА КӨЛІК БЕРІЛДІ, қазақ сыныбын ашу қыркүйекке қалды

Газетіміздің 2022 жылы 25 қаңтар күнгі санында “Қазақ мектебіне қаты­нау қиын” деген атаумен Мамлют қа­зақ мектеп-интернатына қатысты ма­қала жарияланған болатын. Онда “Оң­түстіктен – Солтүстікке” бағдар­ла­масымен көшіп келген тұрғын­дар­дың балаларының мектепке қаты­науы сөз болған еді. Ал басылымның 28 қаңтардағы санында қаланың іргесіндегі Воскресеновка ауылында­ғы оңтүстіктен көшіп келген қандас­тардың жанайқайын “Қазақ сыныбы ашылып, жайылым берілсе” деген тақырыппен …

ОҚУШЫЛАРҒА КӨЛІК БЕРІЛДІ, қазақ сыныбын ашу қыркүйекке қалды Read More »

Электронды форматтағы жекешелендіру

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру коми­теті­нің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру депар­та­­менті қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Бұл жұ­мыстар Үкіметтің “Жекешелендіру объектілерін сату ережесін бекіту туралы” 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына сәйкес жүргізілуде.

“Қызыл” құжатпен жүрген

Қаңтар айының ішінде көші-қон қыз­меті бөліністері алты солтүстікқазақ­стандыққа ескі үлгідегі төлқұжаттары­ның орнына қазақстандық жаңа жеке куәлік берген. Өткен жылы облысы­мыз­дың 47 тұрғыны қызыл төлқұжат­та­рын жаңа үлгідегіге алмастырды.

Биыл 400 мың шаршы метр баспана тұрғызу міндеті тұр – СҚО әкімі

Солтүстік Қазақстан облысында экономиканың негізгі салаларында оң өсім бар. Өңірде өнеркәсіптің, инвестиция тартудың және баспана салудың өсу қарқыны республикалық орташа көрсеткіштен жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.