«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

“Қызыл” құжатпен жүрген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаңтар айының ішінде көші-қон қыз­меті бөліністері алты солтүстікқазақ­стандыққа ескі үлгідегі төлқұжаттары­ның орнына қазақстандық жаңа жеке куәлік берген. Өткен жылы облысы­мыз­дың 47 тұрғыны қызыл төлқұжат­та­рын жаңа үлгідегіге алмастырды.

Өткен жылғы қараша айында Ақ­қа­йың ауданының полиция бөліміне шал­ғайда орналасқан Новороссийское ауы­лы­ның 53 жастағы тұрғыны жүгін­ген. Оның жеке басын куәландыратын құжаты жоқ болып шықты. 1974 жылғы үлгідегі ескі төлқұжатын да жоғалтып алыпты. Көші-қон қызметінің маманы, полиция майоры Махаббат Сейітова қысқа мерзім ішінде оның азаматты­ғын анықтады. Жеке куәлігін үстіміз­де­гі жылғы ақпанның алғашқы күні табыстады. Сондай-ақ полицейлер оның аталмыш елді мекендегі шаруа қо­жалығына механизатор болып жұ­мыс­қа орналасуына көмектесті. Ер адам “Instagram” әлеуметтік желісі ар­қылы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Одан өзге, полицейлер жеке басын айғақтайтын бірде-бір құжаты жоқ 39 адамның құқықтық мәртебесін рет­теуге көмектесті.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp