«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім және ғылым министр­лігі қазақстандық жоғары оқу орындары арасында өткізіл­ген рейтинг нәтижесін жария­лады.

Университеттердің рейтингі үш блокқа топтастырылған 19 крите­рий бойынша бағаланды. Яғни оқу ордаларының рейтингі түлектерінің қызмет бабымен өсу көрсеткіштері, білім беру бағдарламаларының са­пасы мен студенттердің жетістіктері арқылы сараланды.

Топ жарған университеттердің қатарында өңіріміздегі М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да бар. Жергілікті уни­верситет “Ауыл шаруашылығы және биоресурстар” бағыты бойын­ша алдыңғы орыннан көрінді. “Ден­сау­лық сақтау және әлеуметтік қам­сыздандыру” бағыты бойынша С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлт­тық медициналық академиясы үздік деп танылса, “Заңтану” бағытында М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ көш бастады. Елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті “Педагогикалық ғылымдар” бағытында топ жарды.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp