«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Электронды форматтағы жекешелендіру

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру коми­теті­нің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру депар­та­­менті қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Бұл жұ­мыстар Үкіметтің “Жекешелендіру объектілерін сату ережесін бекіту туралы” 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына сәйкес жүргізілуде.

Еліміз егемендік алған жылдарға көз жүгіртетін болсақ, жекешелендіру іс-шаралары экономикамызды тұрақ­тандыру бағыттарының бір болды де­сек қателеспейміз. Бұрын барлық жұ­мыстар қағаз жүзінде және сатып алу­шының тікелей қатысуымен өткізіліп келген болатын. Заман талабына сай өзгерістер орын алып, 2011 жылдан бастап жекешелендіру электронды форматқа көшті. Бұл қатысушыларға не береді? Ең бастысы, қатысушы­лар­дың сенімін арттырды, уақытты үнем­деді, қажетсіз жұмыстар қысқарды.

Электрондық аукциондар www.gos­reestr.kz бірыңғай электронды сауда платформасында, сатушы мен сатып алушылар үшін “бір терезе” қағидаты бойынша өткізіледі. Оған веб-сайт арқылы ғана емес, сонымен қатар смартфондардың көмегімен кіруге болады, ол үшін “Android” және “IOS” жүйелерінде арнайы мобильді қосым­шалар жасалды. Бұл жасалып жатқан жұмыстардың ең басты мақсаты – ол жекешелендіру кезіндегі сыбайлас жемқорлықты жою және жемқорлықты болдырмау үшін алдын алу.

Аукционның жариялылығы мен ашық­тығы тұрғындар тарапынан да, мемлекеттік органдар тарапынан да департамент қызметіне сенімділікті ны­­ғайтудың кілті болып табылады. Са­тып алушылардың сенімін арттыру мақ­сатында қажетсіз талаптарды алып тастау және жүйені ыңғайлы ету үшін де­партамент жыл сайын өзгеріс­тер ен­гі­зу туралы нақты ұсыныстар жасауда.

Жалпы 1991-2021 жылдар аралы­ғында Солтүстік Қазақстан мемле­кет­тік мүлік және жекешелендіру депар­таменті аукциондар мен конкурстар арқылы 2091 нысанды сатып, жеке­ше­лендіруден республикалық бюд­жет­ке 1786768577 (бір миллиард жеті жүз сексен алты миллион жеті жүз алпыс сегіз мың бес жүз жетпіс жеті) теңге қаражат аударды.

Далабай ҚАБДУАЛИЕВ,

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңды тұлғалармен жұмыс істеу және мүлікті иелену бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp