Түлектердің 53 пайызы ҰБТ-ның бірінші кезеңінен өтпек
Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңінен осы күнге дейін 826 түлек өтсе, соның төртеуінің жұмысы жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңінен осы күнге дейін 826 түлек өтсе, соның төртеуінің жұмысы жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында биыл 2 млрд теңгеге 21 мектеп күрделі жөнделмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қандай да бір ғылым саласын терең тану үшін оның тарихына үңілетініміз бекер емес. Өйткені тарихты білмей, бүгінгі межемізді бағалау қиын, ал бүгінімізді бағамдай алмасақ, онда болашағымызды болжау мүлде мүмкін емес. Алаш баспасөзі тарихында “Қазақ” газетінің орны орасан зор. Сондай-ақ бұл – қазақ журналистикасы тарихында аймақтарда тұрақты тілшілер ұстаған тұңғыш басылым. Осы ғылыми тұжырымдамамыздың шынайылығына көз …
Қазақтың ән-қоржынына олжа салған небір дүлдүлдердің шығармалары ғұмырбаяндарынан молынан хабар береді. Мысалы, Ақан серінің, Біржан салдың туындыларын оқып отырып, олардың өмірлері, қилы тағдырлары туралы ақпаратқа қаныққандай боламыз. Бүгінгі мақаламызға арқау болғалы отырған қазақтың ардақты қаламгері Сәкен Сейфуллиннің де аңызға айналған құпиясы мол өмірінің сәулелі, ең налалы сәттері өз шығармаларында, өзіне әрқилы жағдайда рухани демеу, жан …
PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижесі бойынша Қазақстан оқушылары оқу сауаттылығы жағынан экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдеріндегі өз қатарластарынан едәуір артта қалып отыр. Осы зерттеудегі ресми деректерге сүйенсек, мектеп жасындағы білім алушылардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатынын айтқан. Мен де бұған сабақ беру барысындағы өз тәжірибем негізінде де талай рет көз жеткіздім. Оқушылардың әртүрлі …
“Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, түрлі деңгейдегі әкімдердің батыл әрі дербес қадам жасауға қабілеті жетпей жатады, орталыққа жалтақтап жұмыс істейді. Бұл, негізінен, әкімдердің халық алдындағы жауаптылық деңгейі жеткіліксіздігіне байланысты екендігін мойындаған жөн. Олардың қызметіне баға бергенде өңір тұрғындарының пікірі ескеріле бермейді. Осыған орай барлық …
ШАҒЫН АУЫЛДАРДЫҢ ҮЛКЕН МӘСЕЛЕСІ әкімдердің есеп беру кездесулерінде неге айтылмайды? Read More »
Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке оңалту орталығы бір айдан бері жұмыс істеп келеді. Ерекше балалардың ата-аналарының бастамасымен ашылған орталықта осы уақыт ішінде 30-дан астам балақай терапия курсынан өтті.
Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов алты ауданның полиция бөлімдерінің жұмысымен танысты. Департамент жетекшісі Мамлют, Жамбыл, Тайынша, Ақжар, Уәлиханов және Қызылжар аудандарының орталықтарында болып, әкімдермен және аудан активімен кездесті. Жеке құраммен кездесулер өткізіп, полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы, елімізде қаңтар айында орын алған оқиғалар аясындағы міндеттерді орындауға қатысты қызметкерлердің даярлығын тексерді.
Бұрын әр ауылда жастардың бет-алысына бағыт-бағдар сілтеп, қадамына жіті назар аударып отыратын бетке ұстар қариялар болушы еді. Сондай ақылгөй ақсақалдардың бүгінде саны сиреп кеткен сыңайлы. Бір ауылды бір өзі аузына қарататын даналарымыз қайда? Олар әділдік үшін шырылдаған жанға қара қылды қақ жарып кесім айтатын. Дүйім жұрт сол кісіден именіп, аяғын аңдап басушы еді. Соның арқасында …
Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен жергілікті әкімдіктер мен басқармалардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасының негізгі көрсеткіштері бойынша рейтинг жүргізілген болатын. Ондағы мақсат – азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық мағлұмат беру.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорын толықтыру, бағасының қолжетімділігі – Үкімет пен жергілікті әкімдіктердің алдында тұрған негізгі міндет екенін, егер сауда нүктелерінде қажетті өнімдер болмаса, инфляцияны ұстап тұруға ешқандай шара көмектеспейтінін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша атап өткен болатын. Мемлекет басшысы алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу, инфляцияны бақылау жөніндегі кешенді іс-шаралар әзірлеуді, импортқа тәуелділікті …
ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір-екі күн бұрын XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барып келді. Бұл – Мемлекет басшысының биылғы шетелге жасаған бірінші сапары. Осы жаһандық спорт додасы Қытайдың ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен тұспа-тұс келді. Мұның символдық мәні зор. Қытай халқы Барыс жылын үлкен …
Полиция – қоғамдық тәртіпті күзетуші ғана емес, халықтың қорғаушысы болуы керек. Құқық қорғау саласындағы атқарылған жұмыстар мен алға қойған мақсаттар туралы оқырмандарымыздың сауалдарына Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Самарбекұлы Назаров жауап берді.
Бүгіндері мемлекеттік шекарада заңсыз көші-қон, шекара маңында рұқсат етілмеген аң және балық аулау, малды шекара асырып бағу сияқты мәселелер кездеседі. Облысымыздың шекара маңында орналасқан елді мекендерінің тұрғындарына мемлекеттік шекараны өту және оның режімін бұзу қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау болып табылатынын, бұл үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.
Петропавлда 34 жастағы қала тұрғыны синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін соттың үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылды. Өткен жазда оны Петропавл қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің мамандары ұстаған болатын. Тұрғылықты жері бойынша одан “меф 0,5 – 30 дана” деген түсіндірме жазуы бар полимерлі пакет тәркіленді. Ішінде жалпы салмағы 11,19 …
Петропавл қаласының тұрғыны өткен жылдың күзінде мүліктік қылмысқа қатысы бар деп күдікке ілінген болатын. Қолында полицияға келу туралы міндеттеме бола тұра ол сот төрелігінен жасырынбақ болды. Артынша оған іздеу жарияланған. Петропавлдық жедел уәкілдер оның Нұр-Сұлтан қаласында жүргенін анықтаған. Қызметтік іссапар барысында астаналық әріптестерінің көмегімен іздеудегі азаматтың таныстары, ол тұруы мүмкін жерлер тексерілді. Екі күннің ішінде …
“Солтүстік – 2022” қысқы спорттық ойындарының бағдарламасына сай конькимен жүгіру және керлинг спортынан жарыстар өз мәресіне жетті. 13 аудан мен Петропавл қаласының спортшылары өзара бақ сынасты.
Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 20 033 адам мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасының игілігін көріп, бірі жаңа кәсіп меңгерсе, енді бірі қоныс аударды, жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Арнайы рейд барысында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері елді мекендердің бірінде 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Daewoo Nexia» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушіден ішімдіктің иісі шығып тұрған, медициналық куәландыру оның мас екенін растады. Ауыл тұрғынының осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын сотталғаны белгілі болды. Өткен жылдың мамыр айында сот оны 2,5 жылға бас бостандығын шектеу …
Солтүстік Қазақстан облысында мамандар су қоймаларындағы балықтарды қырылудан сақтау үшін көлдерді оттегімен байытып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.