«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛОРДАДА ҚОЛҒА ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының тұрғыны өткен жылдың күзінде мүліктік қыл­мысқа қатысы бар деп күдікке ілінген болатын. Қолында поли­цияға келу туралы міндеттеме бола тұра ол сот төрелігінен жа­сырынбақ болды. Артынша оған іздеу жарияланған. Петропавлдық жедел уәкілдер оның Нұр-Сұлтан қаласында жүргенін анықтаған. Қызметтік іссапар ба­рысында ас­таналық әріптестерінің көмегімен іздеудегі азаматтың тан­ыс­тары, ол тұруы мүмкін жерлер тек­се­рілді. Екі күннің ішінде күдіктінің жүрген жері анықталды. Тәртіп сақ­шылары оны Петропавлға жеткіз­ді. Қазіргі уақытта оған қатысты қыл­мыстық іс бойынша материал сотқа тапсырылды.

Жыл басынан бері облысымызда төрт қылмыскерге – екеуіне проба­ция бағыты, біреуіне бұза­қы­лық және тағы біреуіне ұрлық жасағаны үшін іздеу жарияланды. Үшеуі та­былды. Сонымен қатар өт­кен жыл­дан іздеуде болған екі қылмыскердің жүрген жері анықталды.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp