«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 9, 2022

Көпқабатты үйлер жөнделуде

Петропавлда мемлекеттік тұр­ғын үй коммуналдық шаруашы­лығын дамытуға арналған “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында ат­қарылатын жұмыстар жалғасуда. Оның аясында қазіргі күні 13 көп­қабатты үйдің шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 5 үйге 10 жаңа жеделсаты орна­тылмақ.

ДЕНІ САУ БАЛА — ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Қазақ ежелден сәбидің тәрбие­сінен бөлек, оның денсаулығына құр­сақта жатқан кезден бастап үлкен мән берген ғой. Бүгінде жаңа туған сәби­лерге жасалатын қамқорлық қай дең­гейде? Бұл сұраққа бір сөз­бен жауап бере салуға болмас. Өйт­кені нәресте күтімі барлық отба­сында бірдей деуге тағы болмайды.

“Ұлпан – елдің анасы”

Биыл академик жазушы, көр­кем­сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің ту­ғанына 120 жыл толады. Осыған орай Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөс­пірімдер кітапханасы “Ұлпан – елдің анасы” атты эссе байқауын өткізуді көздеп отыр. Байқауға өңір мектептерінің 9-11 сынып оқушыла­ры қатыса алады.

Мектепке барып оқиды

Үстіміздегі жылғы 14 ақпаннан бастап еліміздегі барлық мектептер дәстүрлі оқыту форматына ауысады.

ҚАР УАҚЫТЫНДА ТАЗАЛАНБАҒАН

Республикалық маңызы бар тасжол­дардың сапасын бақылау мақсатында “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” облыстық филиалының өкілдері жыл басынан бері 18 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде кейбір тасжолдарды қар­дан тазалау жұмыстары дұрыс жүргізілмегені анықталды.

ЖОҒАЛҒАН КЕЙУАНА

Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Мәскеу облысынан телефон қоңырауы түскен. Ресей Федерациясынан хабарласқан әйел Тайынша қаласында тұратын 67 жастағы анасының жоғалғаны туралы айт­қан. Оның сөзіне қарағанда, есі кіресілі-шығасылы кейуана Петропавлдағы №3 қалалық ауруханадан кетіп қалған. Бұл жөнінде оған дәрігерлер хабарлапты.

Жүргізуші – ауруханада

Дүйсенбі күні түс ауа Сергеевка қал­асының тұрғыны “Toyota Land Cruiser” маркалы автокөліктің тізгініне ие бола алмай, жолдан шығып кетіп аударылған. Тексеріс оның мас болғанын анықтады. Жүргі­зуші орталық аудандық ауруханаға жат­қызылды. Кө­лік арнайы тұраққа қо­йыл­ды. Полицейлер жол-көлік оқиғасы бо­йынша әкімші­лік хаттама толтырды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәй­кес жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік …

Жүргізуші – ауруханада Read More »

Алтын санаған аштан өледі

Қай заманда өткені белгісіз, Са­нат есімді үрерге иті жоқ, сіңірі шық­қан қу кедей болыпты. Ол бірде аш­тықтан көзі қарайып, басы ауған жақ­қа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы меңдеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетеді. Арқа­сына аяздай батқан жоқшылық ұйық­таса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, …

Алтын санаған аштан өледі Read More »

“ДІН — ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ ҚАСІРЕТІҢ”

Ата-бабаларымыз іргелі ел болу жолында уақыттың ұлы көшіне ілесіп, ұлт тұтастығын, халық бірлігі мен берекесін көзінің қарашығындай сақтай білген. Ғасырлар тоғысып, заман алмасқан тұста да алауыздыққа жол бермей, қай ұлтқа болсын құшағын айқара ашып, жомарттық таныта білді. Бүгінде еліміздің дамуына, халқымыздың береке мен бірлігінің кемелденуіне ата дініміздің де қосып отырған үлесі зор. “Қызылжар” орталық мешітінің …

“ДІН — ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ ҚАСІРЕТІҢ” Read More »

БАРЛЫҒЫ НИЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Қиыр Шығыстың Приморье өлкесінде әскери борышымды өтеп келгеннен кейін 1975 жылдың жазында Алматы қаласындағы ҚазМУ-дың заң факультетіне құжаттарымды тапсырып, өзім тетелес талапкерлермен бірге емтиханға дайындыққа кірісіп кеттім. Тамыз айы жақындағанда заң факультетіне оқуға түсетіндер емтиханды тек орыс тілінде тапсырады деген хабар дүңк ете түсті. Қазақ мектебін бітірген жастардың естері шығып, не істерлерін білмей сасқалақтап, үйлерімен …

БАРЛЫҒЫ НИЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ Read More »

Тұрғындарға жағдай жасауымыз керек

Жуырда облыс әкімі Құмар Ақса­қаловтың төрағалық етуімен өткен ауыл шаруашылығы басқармасы мен аг­роқұрылым басшылары қатысқан алқа отырысында өңір басшысы жергі­лікті шаруашылықтар тек өз пай­да­сын ойлап қана қоймай, ауылды көр­кейтуге, ауыл тұрғындарының әлеу­меттік жағдайын жақсарту үшін еңбек етуі қажет екенін қадап айтты. Бұл жиынға мен де қатыстым. Бұл үндеу ауыл шаруашылығы сала­сында еңбек етіп жүрген азаматтардың …

Тұрғындарға жағдай жасауымыз керек Read More »

ЕЛІМІЗДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ ВАГОН ӨНДІРІСІ

Еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі – өнеркәсіптік әлеуетімізді арттыру, осы саладағы зор мүмкіндіктерді пайдалану. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдің экономикалық бағытын айқындап берді. Ондағы басты талаптардың бірі – өндірілетін тауарлардың түрлерін көбейту, экспорт географиясын кеңейту арқылы 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру. Сондай-ақ …

ЕЛІМІЗДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ ВАГОН ӨНДІРІСІ Read More »

Атына заты сай

2015 жылдан бастап елімізде “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы” Заң жүзеге асырылып, халықаралық стандарттарға негізделген оң тәжірибелер қолға алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі” Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін белсендірек қолдану қажеттігін атап көрсеткен болатын.

СӘБИТ МҰҚАНОВТАН НЕГЕ ҚАШТЫ?

Көңіл-күйлерін сең соққан балықтай әрі-сәрі күйге түсірген мына хабарға сенер-сенбесін білмей аңтарылып қалған газет оқырмандары тиісті орындарға тынымсыз қоңырау шалып, ақиқаттың ақ-қарасын біле алмағандықтан редакцияға хабарласып, мән-жайды анықтап беруді өтінді. Мәселенің мәнісін білмек ниетпен Петропавлдағы Кошуков көшесінің бойында орналасқан білім ошағына келдік. Маңдайшада “№32 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі” деген жазу алыстан менмұндалайды. Бұрыннан көзіміз …

СӘБИТ МҰҚАНОВТАН НЕГЕ ҚАШТЫ? Read More »

“Qyzyljarnews.kz” қос тілде хабар таратады

Қызылжар өңірі бұқаралық ақпарат құралының қатары тағы толықты. Жаңадан ашылған “Qyzyljarnews.kz” ақпараттық порталы қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын болады.

ТАЙЫНШАДАҒЫ ТАБЫСТЫ ЖОБАЛАР

Тайынша ауданындағы “Bio operations” зауыты, шошқа кешені мен ет комбинатына баспасөз-туры ұйымдастырылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге ауданда жүзеге асырылып жатқан озық жобалардың жұмысымен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студент жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері танысты.

Азаматтар табысын арттыру — басты міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында елдің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы баяндалып, биылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылды. Жиынды ашқан Президент былтыр ел экономикасының 4 пайызға өскенін, бірақ қаңтар оқиғасы біздің өмірімізді түбегейлі басқа арнаға бұрып жібергенін айтты.