«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Алтын санаған аштан өледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қай заманда өткені белгісіз, Са­нат есімді үрерге иті жоқ, сіңірі шық­қан қу кедей болыпты. Ол бірде аш­тықтан көзі қарайып, басы ауған жақ­қа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы меңдеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетеді. Арқа­сына аяздай батқан жоқшылық ұйық­таса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алды­нан сақалы белуарына түскен ап­пақ қудай қария шығады. Жарлы­ның жолын кес-кестеп:

– Оян! Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол ара­дағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен сауда­гердің былғары әмияны табы­лар. Әмиянның аузын ашып-жапқан са­йын ішінен бір теңгелік алтын ділдә аласың. Енді қалған өміріңе бұйыр­ған осы несібені қанағат қылсаң, қар­ның тояды, – дейді де ғайып болады.

Жүрегі алып-ұшып, орнынан атып тұрған Санат ұйықтаған жері­нен оңға қарай он адым аттайды. Опырылған жертөленің оқпандай орнына кезігеді. Құлаған ошақтың орнын тырналап қазып жатып:

– Осыдан шалдың айтқандары расқа шығып, бір ділдә тапсам – тойынып тамақ ішермін. Екі ділдә тапсам, дүние-ай, бала-шағамның жү­регін жалғар едім. Егер үш діл­дәға жетсе, әйеліме арнап көйлек сатып алар едім, – деп қиялдайды.

Шалдың берген аяны айнымай келеді де, айтқан орыннан әмиян табылады. Бір ашса – бір ділдә, екі ашса – екі…. Әмиянды жүз ашқан­да, үйіліп жатқан ділдәларды көзі­мен жей отырып, Қарақұмның қақ ортасынан хан сарайындай күмбез­ді үй салуды армандайды. Қарны­ның ашқанын да, балаларын да, бұл дүниеде әйелінің бар екенін де ұмытады. Көзіне қызылды-жасылды дүние елестеген Санат мың, он мың, жүз мың, …, миллион рет аша­мын дегенше, арада екі күн өтіпті. Осылай отырғанда дүниеге қатты мастанған бейшараның аштықтан соңғы демі үзілген екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp