Дүйсенбі күні түс ауа Сергеевка қаласының тұрғыны “Toyota Land Cruiser” маркалы автокөліктің тізгініне ие бола алмай, жолдан шығып кетіп аударылған. Тексеріс оның мас болғанын анықтады. Жүргізуші орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Облыс жолдарында жыл басынан бері 15 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 20 адам жарақаттар алған.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.