Петропавлда мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға арналған “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар жалғасуда. Оның аясында қазіргі күні 13 көпқабатты үйдің шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 5 үйге 10 жаңа жеделсаты орнатылмақ.
– 2022 жылы аталған бағдарлама бойынша 26 көпқабатты үйді жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Ол үшін 1 млрд. 83 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 10 үйдің шатыры ауыстырылып, заманауи жеделсатылар қойылады, – деді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Руфия Мұстафина.
Сағындық МАУҒАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.