«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙЫНШАДАҒЫ ТАБЫСТЫ ЖОБАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайынша ауданындағы “Bio operations” зауыты, шошқа кешені мен ет комбинатына баспасөз-туры ұйымдастырылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге ауданда жүзеге асырылып жатқан озық жобалардың жұмысымен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студент жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері танысты.

Пресс-тур қатысушылары ТМД көлемінде теңдессіз кәсіпорын саналатын “Bio operations” зауытына барды. Ұзақ жыл тоқтап тұрған зауыт былтыр жаңғыртылып, өнім өндіруге кіріскен. Мұнда астық тереңдете өңделеді. Негізгі өнім – биоэтанолдан басқа крахмал, балуыз, құрамажем шығарылады. Диірменде ұн үгіледі.

“Bio operations” зауытында өңделген астықтың қалдықтары шошқа фермасында жемазық ретінде пайдаланылады. Бұл ферманың алғашқы кезеңі 2018 жылы салынып біткен, кейін 5,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, екінші кезеңі жүзеге асырылды. Мұнда жылына 200 мың бас талпақ танау ұстауға мүмкіндік бар. Еліміздегі ең ірі ет комбинаттарының бірі де Тайыншада орналасқан. Мұнда шошқа және қара мал етінен шұжық өнімдері шығарылып, еліміздің қалалары мен шетелге сатылады.

Тайынша ауданындағы кәсіпорындармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған баспасөз-туры туралы газетіміздің келесі санынан толығырақ оқи аласыздар.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp