«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Едені қисық, қабырғада жарықшақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан небәрі төрт жыл бұрын ғана пайдалануға берілген әмбебеп тен­нис орталығының қабырғалары мен жабындыларында жарықшақтар пайда болды. Кешен 2018 жылы мем­лекеттік-жекешелік әріптестік аясын­да салынған. Онда жеті корт бар, төр­теуі – жабық. Кенеп төсеніш те тегіс бол­мағандықтан жаттығулар кезінде жарақат алып қалу қаупі де бар.

Бүгінде теннис орталығында жарты мыңға жуық бала жаттығады. Олар ғи­мараттың қазіргі жай-күйіне алаңдау­лы. Ересектер де келеді екен. Бір са­ғат­тық жаттығу құны 2500-3500 теңге.

Кешен басшылығының айтуынша, жөн­деу жұмыстары екі рет жүргізілген. Соңғы рет қаражат болмағандықтан тоқтап қалған. Дренаж жүйесінің дұ­рыс орнатылмауы осындай қолайсыз­дықтарға әкелген. “Сотқа жүгініп отыр­мыз. Екі рет жабындыларды қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстары жүр­гі­зілді. Енді қаржылық мүмкіндігіміз жоқ”, – дейді әмбебап теннис орталы­ғының спорттық директоры Алик Есімов.

Мұнда 2018 және 2019 жылдары республикалық және халықаралық жарыстар ұйымдастырылған. Алайда 2020 жылдан бастап талаптарға сәй­кес келмегендіктен, жарыс өткізуге ты­йым салынған. Осы себепті танымал теннисшілерді шақыру мүмкін емес.

Үлкен теннистен облыстың бас жат­тықтырушысы Хайрулла Нұртазин ба­сында бәрі жақсы болғанын, уақыт өте келе сапасы сыр бере бастағанын, тап­сырыс берушілер құрылысқа 2 мил­лиард 640 миллион теңге жұмсаға­нын, шартқа сәйкес барлық ақауларды мердігер жоюға міндетті екенін ай­тады.

Дене шынықтыру және спорт бас­қармасы да әмбебап теннис орталы­ғы­на мониторинг жүргізіп, бірқатар кем­ші­ліктерді анықтаған. Олар – тен­нис корт­тары орналасқан негізгі спорт зал­дағы еденнің шөгуі және жабынында­ғы жарықтар. Құрылыста жүргізген се­ріктестікке аталған кемшіліктерді жою туралы хабарлама жіберілге­ні­мен, қашан қалпына келтіретіні бел­гісіз.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp