Өңірде жемқорлықты азайту үшін бір көзден сатып алуды азайту жұмыстары жүргізілуде. Былтыр облыс бойынша мұндай келісімдер 15 пайызға азайған. Бірақ, Петропавл қаласы ескі тәсілден әлі арыла алмауда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір жетекеші әкімдіктің отырысында қала басшысын сынға алды. Қала әкімі Жұмабековтің айтуынша бір көзден мемлекеттік сатып алу құрылыс саласында көп өткізіледі. Уәлиханов пен Парк көшесінің бойындағы 4 көпқабатты үйдің құрылысына жүргізілген конкурсқа тек 1 компания ғана қатысқан. Ақшаны игеру мерзімі созылып бара жатқасын, осындай қадамға баруға тура келген.
— Жалпы Петропавл қаласын айтпағанда, облыс бойынша бұл жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Жыл соңында қаражатты құрылысқа салудың не қажеті барын түсінбедім, басқа салаларға да бөлуге болар еді, деді өңір басшысы.
Жиын соңында өңір басшысы аудан және қала әкімдеріне бір көзден сатып алу конкурстарын барынша азайтуды тапсырды.