Солтүстікқазақстандық Иван Аржаников Бейжіңдегі Олимпиадада конькимен сырғанау спорты бойынша ерлер арасында бақ сынады.
Ақпанның 12-сі күні 500 метрлік қашықтықта сынға түскен жерлесіміз жарыс қорытындысы бойынша 28-ші орынға тұрақтады. “Жарысқа дайындығым жақсы болды. Жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасадым. Өкінішке қарай, бар мүмкіндігімді көрсете алмадым. Бірақ сайыс өзіме ұнады. Бұл – Олимпиада ойындарына алғаш қатысуым. Орын алмағаныма қарамастан, өзімнің көрсеткен нәтижеме көңілім толады”, – деді спортшы.
Енді Иван Аржаников пен тағы бір қазақстандық Денис Кузин ақпанның 18-і күні 1000 метрлік қашықтықта сынға түседі.
Алтынай ҚАЗИҚАН,
“Soltüstık Qazaqstan”.