«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Өңірде баспананы жалға алу ақысын субсидиялау бағдарламасы 700 адамды қамтымақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында пәтерді жалға алу ақысын субсидиялау бағдарламасына қатысатын адамдардың тізімі жасақталып жатыр. Шамамен 700-дей адам мемлекеттің көмегін алмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспананы жалға алу ақысын субсидиялау мемлекеттік бағдарламасы биыл мамыр айында іске қосылмақ. «Отбасы банк» бұл бағдарламаның операторы болып бекітілді.

«Қазіргі уақытта «Отбасы банк» порталды жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатыр, нәтижесінде қазақстандықтар онлайн-режимде пәтерді жалға алу ақысын субсидиялау үшін өтінімдер қалдыра алады. Әрине, талаптар бар. Үміткерлердің әр отбасы мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен, яғни 36 018 теңгеден аспауы тиіс. Осылайша, пәтер жалдау ақысынан үнемделген соманы тұрмыстарын жақсартуға немесе біздің банкте есепшот ашып, кейін баспана алуға жинай алады. Мұқтаж жандардың тізімін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жасақтайтын болады», – дейді «Отбасы банк» АҚ СҚО филиалы бөлімінің маманы Эльмира Баймұхамбетова.

Маманның айтуынша, осы бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 50 млрд теңге бөлінеді. Өтініштер «Баспана маркет» порталы арқылы қабылданады.

«Көмекті көпбалалы отбасылар – олар елімізде шамамен 51 мың, 10 мыңы – 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар алады. Басты талап үміткерлер тұрғын үй алу кезегінде тұрулары қажет. Тізім дайын болғасын, оған енген әр адаммен банк қызметкерлері байланысады және көмекті қалай алуға болатынын түсіндіреді. Бұдан кейін үміткер онлайн режимде бағдарламаға қатысуға өтініш береді. Ол үшін тек электронды цифрлық қолтаңба болуы шарт. Сондай-ақ өтінішті банкке келіп те қалдыруға болады. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мұндай азаматтың саны 700-ге жетеді», – дейді Эльмира Баймұхамбетова.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp