«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Тарихтың қайғылы парағы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлютка қаласындағы “Жастар” саябағында кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күніне арналған жастарға патриоттық тәрбие беретін шара өтті. Оған аудан басшылары, ауған соғысының ардагерлері және қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, он жылға созылған бұл соғыста көптеген ана баласыз, жар панасыз, бала әке­сіз қалды. Жер бетіндегі бейбітшілік үшін шайқасқан қаһарман ұлдарын ешкім ешқашан ұмытпақ емес. “Ауған жері­нен кеңес жауынгерлерінің шық­қаны­на биыл 33 жыл толып отыр. Дәл осы күні біздер интернационалдық бо­ры­шын өтеуде қаза болған қарулас­та­ры­мызды еске аламыз. Қыршын кет­кен жауынгерлердің қазасы әлі күнге ес­тен кеткен жоқ”, – дейді ауған со­ғысының ардагері Қабдол Сүлей­менов.

Бұл күн еліне аман-есен орал­ған­дар үшін мереке болғанымен, құрбан болған сарбаздардың туыс-туғанда­ры үшін орны толмас қайғы, өзекті өртер өкініш. Жиналған жұрт туған жерден топырақ бұйырмаған азамат­тардың рухына бастарын иіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мамлют ауданы әкімінің орын­ба­са­ры Айсұлу Тайменова ауған соғы­сы­­на қатысқан ардагерлерді құттық­тап, интернационалист жауынгерлер­дің жастарды патриоттыққа тәрбие­леу­де қосып отырған үлесіне риза­шы­лығын білдірді. Ауданда қазір атал­­мыш май­данға қатысқан 23 адам тұ­рып жатыр. “Ауған соғысы жүректе­гі жазылмаған жараға айналды. Жа­уын­герлер әске­ри борыштарын абы­рой­мен атқарды, ерлік ешқашан ұмы­тыл­майды”, – деді аудан әкімінің орын­басары.

Ау­ған соғысы – Кеңес одағы тұ­сындағы тарихтың ең қайғылы бетте­рі­нің бірі. 10 жылға жуық жалғасқан соғыста Қазақстаннан 22269 жауын­гер интернационалдық міндетін ат­қар­ды. Олардың 924-і сұрапыл шай­қас­та ерлікпен қаза тапты, 21 адам ха­бар-ошарсыз кетті. “Олардың жауын­гер­лік ерлігі мен қайтпас қайсарлығы қазіргі жастарға лайықты үлгі. Осы ар­қылы жастар Отанды сүюді, оны қа­лай қорғап, қастерлеуді үйренеді”, – дейді ауған соғысының ардагері Иван Калугин.

Шара барысында патриоттық ән­дер­ге де кезек берілді. Соңынан көп­ші­лік қауым марқұм болған интер­на­цио­налист жауынгерлердің есімдері жа­зылған тақтаға гүл шоқтарын қойды.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp