«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚТЫҢ АЯУЛЫ ПЕРЗЕНТТЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінде қазақ әдебиеті мен мәдение­ті­нің дамуына зор үлес қосқан біртуар тұлғалардың мерейтойына орай “Шоқтығы биік есімдер” атты көрме салтанатты түрде ашылды. Мереке­лік жиынды “Қуанамын” би студиясы­ның мың бұралған қыздары “Нәзік сезім” туындысымен ашты. Содан кейін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университет ректорының ке­ңесшісі, тарих ғылымдарының докто­ры, про­фес­сор Ақмарал Ибраева сөз сөйледі. “Биыл Алаш қайраткері, пуб­лицист Ахмет Байтұрсынұлының дү­ниеге келге­ні­не 150 жыл толады. Ға­лымның ме­рейтойы халықаралық дең­гейде атап өтілмек. Осындай ерек­ше көрменің та­рихи-өлкетану му­зейінде ашылғаны­на қуаныштымыз”, – деді Ақмарал Ғосманқызы.

Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің туға­нына 120 жыл толады. Көркем сөздің хас шебері Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығы да тойланады. Одан бө­лек, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімовтің туғанына – 105 жыл.

“Шоқтығы биік есімдер” көрмесінде жоғарыда аталған талант иелерінің өз­дері мен отбасыларының фотосуретте­рі, құжаттары және ақын-жазушылардың қаламынан туған кітаптар қойылған. Сөреге қойылған құнды дүниелердің ішінде Ғабит Мүсірепов­тің қолданған жеке заттары да бар. Әсі­ресе жерлесіміздің бала күніндегі ер-тоқымы бірден көзге түсіп, ерекше на­зар аудартады. Сонымен қатар ға­рыш кеңістігін бағындырған, биыл ту­ға­нына 95 жыл толатын Владимир Ша­талов жайлы тың деректермен таны­суға болады.

Ұлт мақтаныштарының өмірі және шы­ғармашылығымен жақынырақ та­нысу үшін көрме жыл бойы жұмыс іс­тейді.

Алтынай ҚАЗИҚАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp