«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 24, 2022

ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІК ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ

Қалалық әкімдік мамандары «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «Халықтық қатысу бюджеті» жобасын іске асыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«ЕР – ТУҒАН ЖЕРІНЕ»

Бақыт Ильясов 1989 жылы 17 наурызда дүниеге келген. Есіл ауданындағы Покровка ауылының тумасы. Ақан сері атындағы облыстық филармонияда классика, опера және эстрада бағытындағы туындыларды шырқап,  көрермен көзайымына айналған опера әншісі соңғы жылдары көрінбей жүр. Ол дәстүрлі сауалымызға былай деп жауап берді:

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

Солтүстік Қазақстан облысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында шаңғы жарысы өтті. Спорттық шара Борки кентіндегі спорт базасында ұйымдастырылды.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫРАН ҚҰСТАЙ КӘКІМБЕГІ

Иван Шухов атындағы қалалық орталық кітапхананың жанынан құрылған «Sana» әдеби-музыкалық клубының ұйымдастыруымен Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығына арналған «Сүйемін сені, туған жер!» атты  кеш өтті.

АҚ ХАЛАТ КИГЕН ҚҰТҚАРУШЫ

Адам жанының арашашысы бола білген ақ халатты абзал жандар құтқарушылардың арасында да бар. Солардың бірі – Мейрамбек Батырбаев. Бүгінгі таңда ол облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық-қорғаныс бөлімінің фельдшері болып қызмет атқаруда. Өткен жылдың 31 желтоқсанында ол Нұр-Сұлтан қаласында өткен медицина қызметкерлерінің республикалық конкурсында жүлделі екінші орынға ие болды.

БАЛА БЕЙМЕЗГІЛ ЖҮРСЕ, КІНӘЛІ КІМ?

Бүгінгі таңда елімізде жастардың тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер аз емес. Оның бір ұшығы жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалана білмеуіне, ата-аналар тарапынан бақылаудың әлсіреуіне, тағы басқа жайттарға тіреліп, салдарынан кәмелетке толмағандар арасында жасалатын қылмыстардың өсуі көпшілікті қатты алаңдатып отыр.

ТЕГІНЕ ТАРТҚАН ТАЛАНТ

Ұлттық мәдениетіміздің жауһарына баланатын қобыз аспабы ғасырды ғасырға жалғап, сазды сарынын үзбей, халқымыздың қуанышы мен мұңын жеткізіп келеді. Көненің көзіндей болған аспапты дәріптеу рухани жаңғырудың өзегі екенін түсінетін жастар қатары да артуда. 19 жасар қобызшы Жан Өмірзақ көптеген жасқа үлгі. Жас музыкант оқу мен жұмысты қатар алып жүр, былтыр ол Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаты атанды.  …

ТЕГІНЕ ТАРТҚАН ТАЛАНТ Read More »

ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚАСИЕТ

Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» деп айтқандай, әр оқушының  сапалы  білім, саналы тәрбие алып,  өмірде өз орындарын ойып тұрып алуларына ықпал ететін жанның бірі – мұғалім.Ұстаздық –  ұлы қасиет. Бүгінде еліміздің педагогтары жас ұрпаққа заман талабына, әлемдік жүйеге  сай сапалы білім, саналы тәрбие беруге барынша ден қойып келеді.

АСЫҒЫ АЛШЫСЫНАН ТҮСКЕН АРҚАЛЫҚ

Мамлют ауданына қарасты Андреевка ауылында қымызханасымен көпшілікке таныс «Арқалық» шаруа қожалығы барын құлақпен естігеніммен, көзбен көрудің орайы болмай жүрген. Басшысы Нағашыбай Барлыбаев ұлттық сусынның мәртебесін биіктету мақсатында республикалық, аймақтық, тіпті халыақаралық байқаулар мен көрме-жәрмеңкелерге жиі қатысатынынан да хабардармын. 2008 жылы «Эрнст энд Янг» халықаралық компаниясы ұйымдастырған байқауда «Ең үздік кәсіпкер» атағын иеленсе, оның қымызы «Үздік …

АСЫҒЫ АЛШЫСЫНАН ТҮСКЕН АРҚАЛЫҚ Read More »

БАЛЫҚШЫЛАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Тимирязев ауданының №18 өрт сөндіру бөліміне Қостанай облысының шекарасында дала жолында екі балықшы мінген көлік қар құрсауында қалғандығы  туралы хабар түседі.Оқиға орнына жедел іздестіру-құтқару қызметкерлерінің бөлімше экипажы «Нива-Бронто» автокөлігімен жолға шығып, бір жарым сағат ішінде балықшыларды көлдің жағасынан тапты. Тұрғындар көп ұзамай, үйлеріне дін аман жеткізілді. 

АЙДАЙ ЖАРҚЫН АЙБАЛА

Өмір деген ағынды өзен секілді зымырап өтіп барады. Таңның атып, кештің қалай батқанын білмей қаласың. Кешегі күндерге көз жүгіртіп, еске алған кезде өзіңмен иық тіресіп, талай жыл бірге қызметтес болған жандар ойға келеді. Сондай сыйлас әріптестің бірі – Айбала Мәженова. Жақсы адам күн секілді, жан-жағына сәулесін мол шашып, нұрын төгіп тұрады. Біздің әріптесіміз де – …

АЙДАЙ ЖАРҚЫН АЙБАЛА Read More »

КІТАП – ҚҰНДЫ СЫЙЛЫҚ

Былтыр әлеуметтік желіде Жапонияда түсірілген бір сурет тарады. Онда осы елдің балаларының қоғамдық орындарда кезек күтіп тұрғаны бейнеленген. Жас өрендердің қолдарында кітап. Олар кітапты бас алмай оқуда. Біздің қаракөздеріміздің де қолдарындағы смартфондар мен гаджеттерді кітап алмастырса, нұр үстіне нұр емес пе?!

Шайқалған шаңырақ, жазылмас жара

Қазақ халқының тарихында  жазылмас жара секілді, бетін тырнап ашсаң, сыздауықша солқылдап қоя беретін қасіретті кезеңдер аз емес. Солардың бірі – 1920-1921 және 1928-1933 жылдары ұлтымызға қырғидай тиіп, қынадай қырып салған  зұлматтың бірі – ашаршылық. Оның ауыр зардабын тартпаған отбасы кемде-кем болар.  Бала кезімізде әкесінен, шешесінен, ұлынан болмаса қызынан, әйтеуір, бір туысқанынан тірідей яки өлідей айырылып, …

Шайқалған шаңырақ, жазылмас жара Read More »

КАДР САЯСАТЫНА ЖАУАПТЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Сәуле Андағұлова Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. Ол кадр саясаты мәселелерін жауаптанатын болады.

АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ

«Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады». Тарихқа көз салсақ алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың бұл айтқандарына дәлел болар мысалдар көп. Қазақ халқының өзі егемендік сәл кешеуілдетіп келгенде асыл қазынасы – ана тілінен айырылып қалуы мүмкін еді. Азаттық алғанымызға 30 жыл толғанымен тілге төнген қауіп әлі де сейілген жоқ. Сондықтан 1989 жылы құрылып, қазақ тілін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын оқып-үйренуді, әдет-ғұрпын, …

АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ Read More »

Кәсіпорын жұмысымен танысты

Облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко бастаған тұрақты комиссиялардың төрағалары  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламаның орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында «Қызылжар су» ЖШС-да болып, қаланы үздіксіз сумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның жай-күйімен танысты.

Экспортқа бағдарланған озық жоба

Еліміздің экономикалық дамуында оң үрдістер бар. Алдағы міндет – өндірілетін тауарлардың түрлерін, экспорт географиясын кеңейте отырып, сыртқы нарықта да   елеулі бәсекелестікке ие болу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында ортамерзімді саясатымызды  айқындап, стратегиялық мақсаттарымызды белгілеп берді. Оның ішінде  экономикаға тікелей инвестиция тарту, ұлттық жобаларды іске асыру мәселелері …

Экспортқа бағдарланған озық жоба Read More »

Тасқынға тосқын керек

Өңірде  коронавирус жұқтырғандар санының азайып, жағдайдың тұрақтана бастағаны қуантады. Алайда көктем шыға тағы бір қауіп пайда болады. Ол – су тасқыны. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында осы екі мәселе жан-жақты талқыланды.