«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ЕР – ТУҒАН ЖЕРІНЕ»

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақыт Ильясов 1989 жылы 17 наурызда дүниеге келген. Есіл ауданындағы Покровка ауылының тумасы. Ақан сері атындағы облыстық филармонияда классика, опера және эстрада бағытындағы туындыларды шырқап,  көрермен көзайымына айналған опера әншісі соңғы жылдары көрінбей жүр. Ол дәстүрлі сауалымызға былай деп жауап берді:

 – Мен 2013 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетін аяқтағаннан кейін қорғаныс министрлігінің орталық әскери ансамблінде өнер жолымды бастадым. Бұл үлкен өмірге енді қадам басқан кезім болатын. Бір жылдай тәжірибе жинаған соң туған елге оралу туралы шешім қабылдадым. Осылайша 2014 жылы Петропавл қаласына келдім.  Елге келуімнің тағы бір себебі осында тұратын ата-анам, туыстарым еді. Жақындарымнан қол үзіп қалғым келмеді. Қызылжардағы бірнеше өнер ұйымында жеті жыл бойы қызмет атқардым. Содан кейін Алматыға аттану туралы шешімге келдім. Негізгі мамандығым опера әншісі болғандықтан және Петропавлда тек осы бағытта жұмыс істейтін театрдың жоқтығынан Алматы қаласына кетуге мәжбүр болдым. Дегенмен Қызылжар өңіріне деген махаббатым бір кеміген жоқ. Қайда жүрсем де, туған өлке тұрғындарының ілтипатын сеземін. Себебі өнер әлеміндегі алғашқы қадамдарым Петропавлда басталды. Қазіргі таңда Абай атындағы қазақ-ұлттық опера және баллет театрында опера әншісімін. Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде  болашақ мамандарды даярлау ісіне де атсалысудамын.  «Ер – туған жеріне» деген сөз бар ғой. Болашақта кіндік кескен өңіріме оралатыным айдан анық.

Дайындаған

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

«Soltüstık Qazaqstan».

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp