«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Кәсіпорын жұмысымен танысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко бастаған тұрақты комиссиялардың төрағалары  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламаның орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында «Қызылжар су» ЖШС-да болып, қаланы үздіксіз сумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның жай-күйімен танысты.

Кәсіпорын қызметін 95 мыңнан астам тұрғын мен ұйымдар тұтынады. Су құбыры желісінің ұзындығы – 343,5 шақырым. Депутаттар қаланы ауызсумен қамтамасыз ететін сорғы станциясында болды. Мұнда 4 сорғы ауыстырылып, электр энергиясын үнемдеуге айтарлықтай ықпал еткен. Тағы 2 құрылғы орнатылмақшы. Жаңғырту жүргізілген 250 киловаттық қуатты сүзгі станциясы сағатына 3 мың текше метр су өткізеді. Көктемде су тасқыны кезінде қосымша сорғылар қосылады. 

Былтыр тұрғындар жергілікті биотоғаннан келетін күкіртсутектің жағымсыз иісіне шағымданған еді. Бұл мәселе кәсіпорынның өз қаражаты есебінен ішінара  шешіліпті. «Су ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-мен шарт жасалып, органикалық заттарды ыдырататын биоқышқылдандыруды жеделдетуге және сол арқылы күкіртсутектің бөлінуін азайтуға мүмкіндік беретін хлорелла препаратын сатып алу жүзеге асырылған және сынақ ретінде қолдану басталған. Әлі де тозған магистральдық желілерді, су тартқыштар мен коллекторларды қайта жаңарту, әсіресе жеке тұрғын үйлері көп аудандарда орталықтандырылған кәріз желілерін орнату қажет.

Халық қалаулылары кәсіпорынның тарифтері мен алдағы көктемгі су тасқыны маусымына дайындық мәселелерін сұрастырып, білді. Сумен жабдықтау мәселесі алдағы уақытта облыстық мәслихат сессиясында талқыланатын болады.

Қайрат САДЫҚОВ, 

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp