Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Сәуле Андағұлова Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. Ол кадр саясаты мәселелерін жауаптанатын болады.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің аппараттық кеңесінде ведомство басшысы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов департамент бастығының жаңа орынбасарын жеке құрамға таныстырды.
Сәуле Тыныштыққызы Қостанай облысында туған. 1991 жылы Петропавл педагогика институтын, 2002 жылы Ішкі істер министрлігінің академиясын бітірген. Ішкі істер органдарындағы қызметін Наурызым аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор лауазымынан бастады. Тергеу бөліністерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары болды. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің штабына басшылық етті.
Облыстық полиция департаментінің
баспасөз қызметі.