«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛЫҚШЫЛАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тимирязев ауданының №18 өрт сөндіру бөліміне Қостанай облысының шекарасында дала жолында екі балықшы мінген көлік қар құрсауында қалғандығы  туралы хабар түседі.Оқиға орнына жедел іздестіру-құтқару қызметкерлерінің бөлімше экипажы «Нива-Бронто» автокөлігімен жолға шығып, бір жарым сағат ішінде балықшыларды көлдің жағасынан тапты. Тұрғындар көп ұзамай, үйлеріне дін аман жеткізілді. 

Ал бұдан бірнеше сағат бұрын облыстық төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайлары басқармасының 112 телефонына Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны қар кептелісінде қалып, бағытынан адасқаны туралы хабар берген. Ер адам Тайынша ауданының Чермошнян ауылдық округінің маңында Шағалалы көлінің маңында екенін ғана айтқан. Тайынша ауданының құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,  іздестіру тобын ұйымдастырды.

Іздестіру шараларына боран кедергі жасап, жолда қалғандарды екі сағат бойы табу мүмкін болмады. Кеш бата Чермошнянка ауылынан 20 километр жердегі көл маңында қар кептелісінде қалып қойған жеңіл автокөлік табылып, дереу жақын маңдағы ауылға жеткізілді. Елорда тұрғыны туыстарына қонаққа келіп, кешке қарай балық аулауға шыққан. Бірақ қауіпсіздік ережелерін сақтамаған, дауыл туралы ескертуді назардан тыс қалдырған.  

Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар
 департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp