«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ТҰРҒЫНДАРЫ ТҮГЕЛ ЕКПЕ АЛҒАН елді мекенде 11 көшенің атауы өзгертілмек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданында әкімдердің есеп беру кездесулері биыл пандемияға байланысты онлайн режімде өтуде. Жақында Мам­лютка қаласының әкімі Еркін Самарханұлы халықпен бейнебайланыс арқылы жүздесіп, атқарған жұмысы туралы есеп беріп, 2022 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар жайлы айтты.

Әкім баяндамасын қаланың ин­фрақұрлымынан бастады. Өткен жы­лы 407 көше шамы орнатылып, 8072 шақырым жолға күрделі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргі­зіліпті. “Мамлюткада тәулігіне 250 тон­на ұн шығаратын диірмен кешені жұмыс істейді. Аталмыш кәсіпорын өндіретін ұн негізінен еліміздің оңтүс­тік өңірлеріне, Өзбекстанға, Ауған­станға және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жөнелтіледі. “Сапа Инвест плюс” ЖШС-ы сомасы 1,5 млрд. теңге тұратын ағаш өңдеу және ДСП шығаратын зауыт салуда. Бұл да қаланың үлкен жетістігінің бірі деуге болады. Бұл жоба облыстық кәсіп­керлікті қолдау картасына енгізіліп, жалпы көлемі 4,46 гектар жер телімі бөлінген. Қырық адамға жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл аудандық кә­сіпкерлік бөлімімен бірлесіп, Мамлют машина жасау зауыты, бұрынғы шұжық цехы, мал сою цехы, сондай-ақ қоғамдық монша, кинотеатр ғима­ратын жаңғырту үшін инвесторлар іздейміз”, – деді қала әкімі.

Баяндамашының сөзінше, панде­мия жағдайында мемлекет шағын кә­сіпкерлікті дамытуға қолдау көрсет­кен. “Бизнестің жол картасы – 2025” бағдарламасы аясында гранттар берілген. Мәселен, “Мирончик” жеке кәсіпкерлігі кілемдерді химиялық та­залайтын орын ашуға 3,9 млн. тең­генің, мрамор бұйымдарын өндіретін “AL-ZERE MRAMOR” кәсіпорны 5 млн. теңгенің, тоқыма бұйымдарын өндіретін “Сабиров” жеке кәсіпкерлігі 2,8 млн. теңгенің, этноауыл жобасы үшін “Мәулен” жеке кәсіпкергілі 5 млн. теңгенің грантын алған. Сондай-ақ “Еңбек” бағдарламасы аясында 25 адам жалпы сомасы 14585 мың теңге мемлекеттік грант иегері атанды. “Бастау Бизнес” жобасы бойынша оқу­дан өткен 7 азамат мал шаруашы­лығы, техникалық қызмет көрсету станциялары, жылыжай бизнесі, құс шаруашылығы, үй-жайларды жалға беру, наубайхана, сауда, ағаш ұста­сы, дәнекерлеу, косметикалық са­лон, сантехника және такси қызмет­тері үшін қаржы алды. Жаңа жоба­ларды жүзеге асыру нәтижесінде 92 жаңа жұмыс орны ашылып, 21 мүмкіндігі шектеулі азамат еңбекпен қамтылған.

Биыл көлік жуу орны мен екі дүкен ашу жоспарлануда. “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасына үш үміткер қатысуда. В.Артимович 12 млн. теңгеге шағын автобус сатып ал­ғысы келсе, Ж.Жолдабаева қонақүй, монша, кір жуатын цех, волейбол жә­не футбол алаңын салу үшін 20 млн. теңге сұрап отыр.

Сапалы ауызсу – тұрғындар үшін ең басты қажеттілік. Қалада ұзын­дығы 26,6 шақырым су тарату желісі бар. Қазіргі таңда 2769 үйдің 1497-сі суды үйлеріне кіргізіп алған, 2021 жылы 142 отбасы қосылды.

“Халықтың денсаулығын сақтау – біздің жұмысымыздың басты бағыты. Вакциналаудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыста­ры жалғасуда. Мамлютка қаласы бойынша барлығы 4519 адам екпе алып, жоспар 100 пайызға орындал­ды. Қалада 2 егу орталығы ашылып, қазір тұрғындарды қайта вакциналау жұмыстары жүргізілуде”, – деді қала әкімі.

Өткен жылы аудандық ауруханаға жүректің электрокардиологиялық өзгерістерін тіркейтін электрокар­диограф, ана мен іштегі баланың жағдайын бақылайтын монитор, өңеш, асқазан ауруларын диагнос­тикалауға және емдеуге арналған фиброгастроскоп сатып алынған екен.

Биыл Мамлютка қаласында 11 кө­шенің атауы өзгереді. Халық сана­ғының жүргізілуіне байланысты был­тыр бұл іс уақытша тоқтатылған бо­латын. Жыл басынан бері жұмыс қайта жалғасын тапты. Ленин көше­сін – Абылай хан, Дзержинский көше­сін – Александр Затаевич, Киров кө­ше­сін – Әлихан Бөкейханов, Круп­ская көшесін – Евгений Брусилов­ский, Калинин көшесін – Григорий По­танин, Фурманов көшесін – Құрман­ғазы, Куйбышев көшесін – Шәмші Қалдаяқов, Матросов көшесін – Қо­жаберген жырау, Базарная площадь көшесін – Иван Шухов, О.Кощевой көшесін – Достық, Комсомольская кө­шесін – Мұхтар Әуезов, Коммуналь­ная көшесін – Шоқан Уәлиханов, Карл Маркс көшесін – Жамбыл деп атау ұйғарылғанын газетімізде бұған дейін жазғанбыз. Жақында Школьная көшесіне Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтің атын беру туралы ардагерлер кеңесінен ұсы­ныс түсіпті.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp