«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КӨЛІКТІҢ 7 МАРКАСЫН ТАҢДАЙ АЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандықтар 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында көліктің 7 түрлі маркасына тиесілі 24 түрін сатып алуға болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Несиенің максималды мөлшері 10 миллион теңгені құрайды. Одан қымбатырақ темір тұлпарды иеленгісі келетіндерге мүмкіндік бар. Бірақ, ондай жағдайда міндетті түрде алғашқы жарнаны салуы керек.

10 миллион теңгеге «Lada» — «Granta» (3,7 миллион теңгеден бастап), «Niva Legend» (5,3 миллионнан бастап), «Niva Legend 5D» (5,7 миллион теңгеден бастап), «Largus» (6 миллионнан бастап), «Niva Travel» (6,6 миллион теңгеден бастап), «Vesta» (5,8 миллион теңгеден) және «XRAY» (6,3 миллионнан басталады) сатып алуға болады.

Сонымен қатар, жоба аясында ел азаматтары «Chevrolet» маркасының: «Spark» хэтчбек (5 миллион теңгеден), «Cobalt» и «Nexia» (5,7 және 5,4 миллион теңгеден бастап), «Tracker» кроссоверын (9,4 миллионнан басталады) ала алады.

Бұл бағдарламадан кореялық автомобильдер де шет қалмайды. Жеңілдетілген несиеге «Kia» мен «Hyundai» маркалы көліктері қолжетімді. Бағалары шамамен 7-7,3 миллион теңгеден басталады. Және 6,7 миллионға «Accent» пен 8,4 миллиондық «Elantra» , 9,1 миллион тұратын «Creta» кроссоверын алуға болады.

Қазақстанда жиналған «JAC» қытайлық темір тұлпар түрлері 7-8 миллионнан сатылымда тұр. Сондай-ақ, «Renault» өнімдеріне қызығушылық танытатын жүргізушілер шағын «Arkana» кроссоверін 8,3 миллионнан алуларына мүмкіндік бар. Ал «Duster» мен «Kaptur»-дың құны шамамен 7,4-7,9 миллионнан басталады.

Ал жол талғамайтын көлік алам деушілер «УАЗ Hunter» (7,3 миллион теңгеден бастап) және «Patriot» (8,4 миллион теңгеден) сатып ала алады.

Қолға алынған бағдарлама аясында көлік алу шарттарын тағы бір мәрте еске сала кетейік. Несие 4% жылдық мөлшерлемемен, бастапқы жарнасыз 7 жылға беріледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp