«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІЛ АУДАНЫНДА СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМАСЫ САЛЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО-да жергілікті ЖШС басшыларының халыққа есеп беру кездесулері жалғасуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Амангелді ауылында өткен кездесуде «Агрохимснаб» пен «Поляковское» ЖШС басшылары есеп берді. Онда агроқұрылым жетекшілері атқарған жұмыстары мен жоспарлары туралы баяндады. Бұл жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.

-2022-жылға арналған Амангелді ауылын дамыту жоспары құрылды. «Агрохимснаб» ЖШС 20 үйге су тартады, сондай-ақ қоғамдық моншаны қалпына келтіреді. Бұл шаруашылық сүт тауарлы фермасының құрылысын бастайды. «Поляковское» ЖШС сәбіз алқабын 3 есе ұлғайтады, омартаны да көбейтпек. Қосымша 10 жұмыс орнын ашады, деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі өз парақшасында.

Облыс әкімінің айтуынша былтыр ауылға апаратын тас жол күрделі жөндеуден өткен. Сонымен қатар ауыл ішіндегі ұзындығы 5 шақырым болатын 9 жолды тегістеді. Ауылдың ішіне жарық бағандары орнатылды, Преснов топтық су құбырына қосылатын болды.

-Кездесуде көтерілген мәселелерді өз бақылауыма алдым. Мектеп пен медициналық бекетті жөндеу, интернетпен қамту, жастардың бос уақытын өткізуге арналған шаралар ұйымдастыру сияқты сұрақтарды шешуіміз керек. ЖШС басшыларының ауылды дамытуға арналған жоспарлары құжатталып, меморандумға қол қойылды. Бұл елді мекендегі жағдайды жақсартудағы негізгі бағытымыз болады, деді өңір басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp