Петропавл полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл қаласының тұрғыны гаражынан дәнекерлеу аппаратына арналған екі оттегі баллоны ұрланғанына арызданған. Жәбірленуішінің айтуынша, белгісіз біреу есікті бұзып кіріп, 100 мың теңгенің заттарын алып кеткен.
Жедел іздестіру шаралары барысында облыс орталығының 26 жасар тұрғыны ұсталды. Ол бұрын да ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған.
— Полицияға уақтылы жүгіну, азаматтардың қырағылығы-қылмыстың алдын алу мен ашудың сенімді құралдарының бірі. Мұндай мысалдар заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай — күйі халық пен полицияның ортақ ісі екенін тағы да растайды, дейді Петропавл қалалық № екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.
Ұрланған мүлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.