«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҮТ ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста 2019 жылданбастап «Қарапайымзаттарэкономикасы» бағдарламасыжүзегеасырылыпкеледі. Мемлекеттікбағдарламаотандықкәсіпкерлердіқолдауғабағытталған. Осы күнгедейінжалпысомасы 62 миллиард теңге болатын 191 жобақаржыландырылды. Мемлекеттің қолдауын «ЭкоМол Сергеевка» серіктестігі де пайдаланып, сүт зауытын ашқан.  Бүгінде мұнда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Түрлі сүт өнімдерін шығаратын серіктестік 2019 жылдың қаңтарында ашылды. Бүгінде зауыт тәулігіне 10 тоннаға дейін өнім өндіре алады. Мұнда сүт, қаймақ, ірімшік және сарымай шығарылады.

– Кәсіпорын 2019 жылы ашылғанымен, одан кейінгі жыл уақыт көлемінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 2020 жылы мамыр айында ғана өнім шығара бастадық. Бастапқыда тәулігіне 5 тоннаға дейін өнім өндірсек, қазір көрсеткішті 10 тоннаға дейін жеткіздік. Күн сайын өнімдеріміз жергілікті дүкен сөрелеріне жеткізіледі. Қажетті жабдықтар алу үшін «Даму» қорының кепілдігімен «Сбербанк» арқылы 20 миллион теңге мөлшерінде несие алдық. 2021 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Сбербанк» арқылы тағы 30 миллион теңге көлемінде несие рәсімдедік, – дейді «Экомол Сергеевка» ЖШС-ның директоры Альбина Рашитова.
Бүгінде зауытты кеңейту жоспарланып отыр. Кәсіпорынның технологы Надежда Ковалеваның айтуынша, 2021 жылы майлы кремді түрлендіру әдісімен май өндіруге арналған жабдық сатып алынған.
–  Бірінші кезекте шаруашылықтардан келген сүтті қабылдаймыз. Кейін оны буландырып, майсыз сүт пен кілегей аламыз. Сүттің бір бөлігін ірімшік шұжығын жасау үшін шикізат ретінде қолданамыз. 82,5 және 72,5 пайыздық тәтті сарымай шығарамыз. Дайын өнімдер 20 килограмм болатын қораптарға салынып, тікелей тапсырыс берушілерге кетеді, – деді.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда «Даму» қоры арқылы бизнес-жобаларды субсидиялау және кепілдік беру түріндегі қолдау шаралары көрсетілуде.

– Соңғы 3 жылдың ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы «Даму» қорының кепілдігімен жалпы соммасы 33,6 миллиард теңге болатын 46 жоба қаржыландырылды. 2022 жылы мемлекет бизнес-жобаларды субсидиялауға 1 миллиард теңге бөліп, кепілдендіруге 45,7 миллион теңге қарастырды, – деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Жанна Конкарова.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған Жолдауында «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін ұзартқанын айта кеткен жөн.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Суретті түсіргенТалғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp