«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙГЕ «МИНА ҚОЙҒАН» КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Зауыт көшесіндегі үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен патрульдік полиция батальоны, жарылғыш заттармен жұмыс істейтін мамандар қоңырау шалған адам ұсталды. 38 жастағы қала тұрғыны удай мас болған, бірақ ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

-Терроризм туралы жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай хабарландырулардың кесірінен нысандардың жұмысы тоқтайды. Соның кесірінен кәсіпкерлерге шығын келеді, тұрғындардың мазасын алады. Ғимараттан жоқ жарылғыш затты іздеу үшін адамдарды эвакуациялауға тура келеді. Сондықтан бұл қылмыс екенін, ондай ессіздікке барғаны үшін ірі мөлшерде айыппұл салынып, тіпті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескртеміз, деді Петропавл қалалық №2 полиция басқармасының бастығы Руслан Сыздықов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp