«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Досымыз қасымызға айналуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлютка тұрғындарын қаңғыбас иттер алаңдатуда. Балалар түгіл, ересек адамның өзі қорқады. Әбден ашыққан салпаңқұлақтардың біреуі үрсе болды, қалғандары жабыла кетуден тайынбайды. Бұрын қазақ итті жеті қазынаның біріне балап, досындай жақсы көрген. Әсіресе малшы қауым үшін құттыаяқтың орны бөлек. Ол сол әулеттің қауіпсіздік қызметін атқарған. Тіпті үй мен малды қара төбетке сеніп, тастап кететін кездері де аз емес. Ал қазіргі иттер достан гөрі қасқа айналып бара жатқандай.

– Екі немерем мектепте оқиды. Апа­рып-алып келетін адам болмаға­сын өздері жалғыз барып жүр. Жолдағы қаңғыбас иттерден үрейленеді. Кезбе иттер азық іздеп, күл-қоқыстың ара­сында көп жүреді. Сондай-ақ адам­дар көп шоғырланатын жерге әуес. Мына қақаған аязда тіске басар бір­де­ңе таба алмағасын қабаған болып кететін сияқты. Өткенде көршімнің баласы бір топ иттің қоршауында қа­лыпты. Абырой болғанда жанай өтіп бара жатқан ересек кісі көмектесіп, айғайға басып, қуып жіберген. Ит, әдет­те, құтыру белгілері байқалғанда адамды тістейді екен. Қазір аурудың түр-түрі шығып жатыр. Далада күл-қоқыс арасында жүретін олар – түрлі дерттердің таратушысы, – дейді Жұ­мысшы кентінде тұратын Гүлзат апа.

Өкінішке қарай, бұл мәселе шеші­мін таппай тұр. Мамлюткада оларға арналған арнайы орын да жоқ. Бар атқарылатын шара – иесіз жануар­лар­ды аулау. Қала тұрғыны Әмірбай иттерді ата беруге болмайтынын ай­тады.

– Жануарлар да адам сияқты. Оларға қатыгездік жасаған дұрыс емес. Керек болса дәрі егіп, күшікте­мейтіндей етіп тастаған жөн шығар. Сонда саны азаяр. Бар мәселе – ит­тер­ді иелері қараусыз қалдыраты­нын­да болып тұр. Өзім екі ит асырап отырмын. Біреуі үйді, екіншісі қора-қопсыны күзетеді. Екеуі де байлаулы. Уақтылы тамағын беремін, – дейді ол.

Аудандық ветеринарлық станса мамандарының айтуынша, бұрынғы­дай қаңғыбас иттер мен мысықтарды ата беруге болмайды. Сондықтан ұс­тап алып, ауруға қарсы дәрі егумен ғана шектеледі.

– Наурыз айынан бастап иттерді ат­пайтын болдық. Оларды уақытша тұ­раққа апару қажет, өкінішке қарай, біз­де ондай жер жоқ. Жалпы әр тұрғын өз итіне ие болуы керек. Итке құтыр­маға қарсы вакцина егіліп, таблетка­лар беріледі. Бұл науқандық жұмыс наурыз айынан бастап жүзеге асады. Барлық препараттар тегін, – дейді Мамлют аудандық ветеринарлық стан­сасының басшысы Людмила Чернаусова.

Дамыған елдерде қаңғыбас иттер­мен күресу үшін арнайы ереже қа­был­данған. Мәселен, АҚШ-та итті қа­даға­лау қағидасы 1976 жылы бекіті­ліпті. Оларда қаңғып жүрген иттерді ма­ман­дар ұстап алып, тексеріп, ауруы болса емдеп, кезбе жануарларға арналған баспаналарға тапсырады. Сол жерден полиция арқылы иттер­дің қожа­йын­дары іздестіріліп, қол­да­рына та­бысталады. Ал Германия­да “Жануар­лар құқығы” деп атала­тын ар­найы қабылданған заң бар. Неміс хал­қы бұл заңды алғашқылар­дың бірі бо­лып бекіткен. Бұл мемле­кетте әр жан­уарға жауапкершілікпен қарама­ған иелері әкімшілік жазаға тартылып, 25 мың евро көлемінде айыппұл ар­қалайды.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp