Аққайыңды өлкемізде өмірге келіп, еңбегімен өзге өңірлерде құрметке бөленген жерлестеріміз баршылық. Солардың бірі – Нұрлан Ердәулетұлы. Жамбыл ауданындағы Баян ауылының тумасы еңбек жолын кеңшарда жұмысшы болып бастады. Жасынан салмақты, ертеңін ойлаған ол еңбекте ғана емес, қоғамдық жұмыстарда көзге түсіп, бөлімшенің комсомол ұйымының жетекшісі, селолық кеңестің депутаты болып сайланды. Коммунистік партия қатарына өтті.
Шара барысында Айдын Қабдұлдинов полиция бөлімдерінің жабдықталуымен танысып, жеке құраммен жиын өткізді. Азаматтарды жеке қабылдау да жүргізілді. Тұрғындар ведомство бастығына автокөлікті қайта жабдықтау және тіркеу мәселелері бойынша жүгініп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сауалдар қойды, аудандық полицейлердің жұмысы туралы жағымды пікірлер білдірді. Барлық мәселелер назарға алынып, бір бөлігі бақылауға қойылды.
Жеке құраммен кездесу кезінде Айдын Қабдұлдинов заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Полиция бөлімдері басшыларының алдында қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру жағдайын жеке бақылау міндеті қойылды. Облыстың бас полицейі жеке құрамды ашықтық пен айқындылық қағидаларын ұстанып, сервистік полиция жұмысын жүзеге асыру бағытын жалғастыруға бағдарлады.
Сән ЖҰМАҒАЗИНА,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы.