«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көшпелі кездесулер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция пол­ковнигі Ай­дын Қабдұлдинов өңірдің барлық аумақтық полиция бө­ліністерінде көшпелі кездесулер өткізді. Ол Есіл, Айыртау, Ти­мирязев, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың полиция бөлімдерінің жеке құ­рамымен кездесті. Бұған дейін мұндай кездесулер барлық қалалық жә­не сегіз аудандық полиция бөлі­ністерінде ұйымдас­тырылған болатын.

Шара барысында Айдын Қабдұл­динов полиция бөлімдерінің жабдық­талуымен танысып, жеке құраммен жиын өткізді. Азаматтарды жеке қа­былдау да жүргізілді. Тұрғындар ведомство бастығына автокөлікті қай­та жабдықтау және тіркеу мәселелері бойынша жүгініп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сауалдар қойды, аудандық полицейлердің жұ­мысы туралы жағымды пікірлер біл­дірді. Барлық мәселелер назарға алы­нып, бір бөлігі бақылауға қойылды.

Жеке құраммен кездесу кезінде Айдын Қабдұлдинов заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Полиция бөлімдері басшылары­ның алдында қарамағындағы қыз­меткерлердің қызмет өткеру жағда­йын жеке бақылау міндеті қойылды. Облыстың бас полицейі жеке құ­рамды ашықтық пен айқындылық қа­ғидаларын ұстанып, сервистік поли­ция жұмысын жүзеге асыру бағытын жалғастыруға бағдарлады.

Сән ЖҰМАҒАЗИНА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp