«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚЫ СПОРТ АЛАМАНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев ауданында “Солтүстік-2022” облыстық қысқы спорт ойындары өтті. Жарыстың салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты.

Өңір басшысының орынбасары жиналғандарды қысқы спорт мерекесінің ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Спорт – саламатты өмір салтына баулудың бірден-бір жолы. Біздің өңірде бұл салаға айырықша назар аударылып келеді. Әсіресе алты ай қысы бар солтүстікте қысқы спорт түрлерінің орны бөлек. Барлықтарыңызды бұл жарыстың басталуымен құттықтаймын, – деді Ғани Сақтағанұлы.

Биылғы додаға 13 ауданнан 400-ден астам адам қатысты. Олар 8 спорт түрінен сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Карантиндік талаптарға байланысты сайыстардың бір бөлігі облыс орталығында ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.

“Солтүстік – 2022” қысқы спорт ойындарында шайбалы хоккейден Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның командасына тең келер ешкім болмады. Екінші орынға – Қызылжар, үшінші сатыға Мағжан Жұмабаев ауданы жайғасты.

Шағын футболда есілдіктер жеңіс тұғырына көтерілсе, шорт-тректе тағы да Ғабит Мүсірепов атындағы аудан үздік атанды. Шаңғы жарысында да Новоишимкадан келген спортшылар алдарына жан салмады, екінші орын аққайыңдықтарға бұйырса, үздік үштікті Тимирязев ауданының командасы түйіндеді. Жалпыкомандалық есепте Ғабит Мүсірепов атындағы аудан – бірінші, Мағжан Жұмабаев ауданы – екінші, Аққайың үшінші орынды иеленді.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp