Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Партияның кезектен тыс 22 сиезінде партияның атауын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсыныс жасалды.
Мемлекет басшысы «Аманат» сөзінің мағынасы терең екенін, еліміздің тарихы мен мәдениетінде айрықша символдық мәні бар екенін, бұл өз кезегінде өшпейтін тәуелсіздіктің идеалдарын, қуатты мемлекеттілік пен ортақ ұлттық бірлік құндылықтарын білдіретінін атап өтті.
— Партияның жаңа атауы туралы талқылауларға қатысқанымды жасырмаймын. Бұл сөздің мағынасы тереңде. Сондықтан мен партиямызды ресми түрде «Аманат» деп атауды толық қолдаймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.