«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛОГИСТИКА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов ЗИКСТО зауытындағы вагон-платформалар өндірісін аралау барысында жергілікті тауарөндірушілерге қандай қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс басқа елдердің де экономикасына әсер етеді. Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке дағдарысқа қарсы жоспар қабылдауды тапсырған болатын. Бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму серпінін сақтауға мүмкіндік береді.

-Біз солтүстікқазақстандық зауыттардың жұмысын жіті бақылап отырмыз, өйткені олар басқа елдерден, соның ішінде Ресей мен Украинадан жинақтаушы бұйымдарды сатып алады. Біз кәсіпорындардың шығындарын азайту үшін логистика мәселелерін жедел шешетін боламыз,- деді Құмар Ақсақалов.

Биылғы жылға 65 миллиард теңгеге зауыттардың тапсырыс қоржыны жасақталуда, бұл жергілікті кәсіпорындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. «ЗИКСТО» зауыты тұрақты жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын өткен жылы 21 млрд теңгеге 851 вагон-платформаны жасады. Бұл сома 2020 жылғы көрсеткіштен 37%-ға көп. Биылғы жоспар – 1,1 мың вагон-платформа. Қосымша 100 жаңа жұмыс орны ашылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp