«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.03.2022

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ ӘКІМДЕРДІ БАҒАЛАУ РЕЙТИНГІНДЕ 7-ШІ ОРЫНҒА ЖАЙҒАСТЫ

TopPress.kz ақпарат порталы облыс әкімдерін бағалау рейтингісінің қорытындысын жариялады. Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов 71% көрсеткішпен 7-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ: БІЗДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ – САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ОРЫНДАУ

Бүгін облыстық әкімдікте «AMANAT» партиясы активінің жиыны өтті. Саяси ұйым өкілдері 1 наурызда өткен кезектен тыс 22 съезде айтылған мәселелердің шешімін қарастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«КӨКТЕМ-2022»: ҚҰТҚАРУШЫЛАР СУ БАСҚАН АЙМАҚТАН БАЛАЛАР МЕН ҚАРИЯЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ «КӨШІРДІ»

Қызылжар ауданында «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының бірінші кезеңі өтті. Оған 200 құтқарушы мен 40 арнайы техника тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

БИЫЛ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДИҚАНДАР ТҰҚЫМ САПАСЫН ТЕКСЕРУГЕ БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫДАН ҚАҒЫЛДЫ

Биыл солтүстікқазақстандық диқандар тұқым сапасын тексеруге бөлінетін қаржыдан қағылды. Жыл сайын тұқым сапасын тексеру үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінетін. Биыл шаруалар өз қалталарынан төлейтін болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ФЕРМЕРЛЕРДІ ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТЫП, ОҢАЙ ОЛЖАҒА ҚЫЗЫҚПАУҒА ШАҚЫРДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жүргізген агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласындағы кешенді талдау қорытындысы мәлім болды. Оның нәтижесінде 11 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ШАРШЫ МЕТРІ 160 ТЕҢГЕ

Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, үстіміздегі жылы 738 тұрғын үй ипотекаға беріледі. Көпбалалы және толыққанды емес отбасылар, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жандар «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында баспаналы бола алады. Алғашқы жарна 10%-ды құрайды, жылдық мөлшерлеме — 2 %, несие 20 жылға беріледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ЕЛІМІЗДЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ЖАҢАША ОҚЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Петропавлда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен республикалық съезд ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен 300-ге жуық білікті педагог қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.