«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕРІСКЕЙЛІК ДИҚАНДАР АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН АРЗАН АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Мамлют ауданына қарасты Бексейіт ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиында «Мамбетов и К» және «Бексейіт» серіктестіктерінің басшылары ауылдықтар алдында есеп беріп, биыл атқарылатын жұмыстар туралы әңгімеледі.

-2022 жылы Бексейітте шаруашылықтар 10 жұмыс орнын ашып, еңбекақыны өсірмек. Ауылда жаңа дәмхана ашылады. Фельдшерлік-акушерлік пункттің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалады. Серіктестіктер дүкенді өздері өсірген картоп, қарақұмық, ұн, асбұршақ сынды арзан өніммен қамтамасыз етпек, деп жазды облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ жергілікті серіктестіктер ауыл ішіндегі су тарату жүйесін жөндеп, үйлерге тартады. Бұл жұмыстардың барлығы меморандумда көрсетілген және жыл соңына дейін орындалуы тиіс, деп жазды Құмар Ақсақалов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp