Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрсұлтан Есқалиев Түркияда ашихара-каратеден өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Дүбірлі додаға әлемнің 20 елінен жиналған каратешілер қатысты. Қазақстанның намысын эншин карате федерациясының 60 спортшысы қорғаған. Нәтижесінде, олар еліміздің қоржынын 16 алтын және осынша күміс, сондай-ақ 7 қола медальмен толықтырды.
Петропавлдық Нұрсұлтан Есқалиев болса, 60 келі салмақ дәрежесінде, 16-17 жас аралығында өнер көрсеткен.