«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН 10 АДАМ ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 5 күн ішінде іздеуде жүрген 10 адамды тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінде өңірде «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Петропавлдық жедел уәкілдер ұрлық жасады деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласында жасырынып жүрген облыс тұрғынын қолға түсірді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Солтүстік Қазақстан облысына жеткізіледі.

Ал криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері наурыздың басынан іздеуде жүрген, бірнеше ұрлыққа қатысы бар деген күдіктіні ұстады.

– Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер сот органдарынан қашып, шетелге кеткісі келеді. Сондай қылмыскерлерді іздеп табуға баса назар аударылады, – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Ресей Федерациясының Амур облысының ішкі істер органдары іздеу жариялаған қылмыскерді ұстады. Ал Өзбекстан полицейлері іздеудегі солтүстікқазақстандық күдіктіні анықтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp