«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОҚ ТАУАРДЫ САТПАҚ БОЛҒАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы жалған тауарларды жарнамалап, тұрғындардың қалтасын қағатын киберқылмыскерлер көбейді. Мәселен, өткен жылдың басында «Olx.kz» сайтында және «Instagram» әлеуметтік желісінде бағасы өзге дүкендермен салыстырғанда әлдеқайда арзан жиһаз сатылатыны туралы хабарландыру жарияланған. Тиісінше, тұрғындар алаяқтардың сөзіне иланып, 40 мыңнан 120 мың теңге аралығында алдын ала төлемді аударып отырған. Арам ойын іске асырған ол бұдан кейін мүлдем хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сан соғып қалған 3 петропавлдық полицейлерге жүгінген. Жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, қызметтік іс-сапар кезінде қолға түсірді. Пысықай Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол бұрын пәтер ұрлығы үшін істі болған екен. Қазір тергеу изоляторына қамалды. Алаяқтың Солтүстік Қазақстан облысы аумағынан тыс жерде жасалған тағы 40 қылмысқа қатысы бары анықталды. Полицейлер күдіктінің әрекеттерінен зардап шеккендерді анықтауда.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағында 118 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp