«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әдепті бала – арлы бала

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбиді туа біткен мінезі қандай болса, дәл солай қабылдау жайында және оны кемшіліктерімен, қателікте­рімен қоса жақсы көре білу керектігі туралы естіп жүрміз. Алайда бала тәрбиесінде шектеу болуы болуы тиіс. Сіз не істесеңіз де немесе не айтса­ңыз да, ол баланың өздігінен дамуы­на, жауапты болуына, еркін шешім қабылдауына, сезімін ашық білдіруі­не, өз әрекетінен пайда болған нәти­жені бағалай білуге ықпал етуі керек. Өзіндік тәртіпті меңгеру үшін бала ер­кін таңдау жасай алу керек және ол өзінің қандай да болмасын шешімнің салдарын ұғып, өзінің әрекетіне өзі жауапты екенін түсінуі керек. Балаға кішкентай кезінде қателік жіберуіне мүмкіндік беріңіз және ол қателікті ба­ланың орнына өзіңіз түзеп жүрмеңіз. Бала кезінен бастап барлық қателіктерді ата-анасы немесе басқа да адамдар түзей берсе, бала өскен соң да, өз ісіне жауапты бола алмайды.

Мысалы балаңыз сабақтан екі алып, үйге көңілсіз келді делік. Сіз оның дұрыс дайындалмағандығын бе­тіне басып немесе мұғалім әділ бол­мады деп сөкпеңіз. Сіздің мақсатыңыз – кінәліні іздемей, баланың өзіне де­ген сенімін арттырып, одан да жақсы оқуы үшін ынталандыру. Балаға қа­телікті түзеуге болатындығын және олар бірдеңеге үйрететіндігін айту ке­рек. Бұл жағдайда екілік баға балаға сол пәнге көп мән беру керектігін тү­сіндіреді, алайда ол баланың ақымақтығын және қабілетсіздігін көрсетпейді. “Екі алдың ба? Бұл сенің қателік жібергендігіңді ғана көрсетеді. Бұл ба­қылау жұмысы арқылы сен нені білмейтіндігіңді анықтай аласың. Қаласаң саған нені қосымша оқу керектігін бірге анықтайық?” – деуіңіз қажет. Балаңыз сабақтан бес алып қуанышты кел­се, сіз бірден мақтай жөнелмеңіз. Ол үнемі жақсы сөзді қалап және өз әрекетінің нәтижесін бағалай алмайтын адам болып өсуі мүмкін.

Заман талабы ма, әлде тәрбиедегі өзгеріс, әйтеуір заманауи ата-ана ба­ланың дегенімен жүретінін аңғаруға болады. Әрине, баланы тыймау, оның бетінен қақпау дұрыс. Дегенмен, кейбір адамдар мұның да қолдану уақыты мен жарамдылық мерзімі болаты­нын естен шығарып алатындай.

Кейбір ата-аналар баласының қатесіне көз жұма қарап, оның іс-әрекеті дұрыс деп ойлап, кейде тіпті мұғалімін сөгеді. Баласының жасағаны қате болса да оны жұрттың көзінше қорғайды. Мұндай бала үлкенді сыйлаудан қалады. Бала дарынды, қабілетті, жан-жақты болуы мүмкін. Бірақ бұл қасиеттерін бітпейтін еркелік пен жауап­сыздық жоққа шығарады. Тіпті өз еркімен шешім қабылдау бары­сында қиындыққа тап болады. Ой ер­кіндігі мен қимыл еркіндігін шатас­тырып алмаған жөн. Ой еркіндігі баланың армандауына, қиялдауына әсер ететін болса, қимыл еркіндігі бала бәріне құқылы деген ойды қалыптастырады.

Балаға белгілі бір тәртіп нормасын ұстануды, адамдар арасындағы қа­рым-қатынаста белгілі бір шекараның болатынын ұғындыру керек. Бауыржан Момышұлы “Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің құлы” деген екен. Тәрбиенің маңызды элементін ойдан шығарған кезде, бүкіл адам болмысы өзгереді. Болашақта өкініп қалмау үшін бүгіннен бастап бала­ңызға өмірде тәртіп деген өлшемнің барын ұқтырғайсыз.

Әсел ҚАРШАЛОВА,

психолог.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp