«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРЫНДА 62 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕМ ҚАБЫЛДАУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысындағы инфекциялық стационарларда 62 тұрғын емделіп жатыр. Ал 16 азамат амбулаторлық деңгейде ем қабылдауда. Мұндай ақпаратпен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов бөлісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Қазіргі уақытта коронавирус індетін жұқтырғандарға арналған 704 орын бар. Жансақтау бөлімшесінде 7 науқас жатыр. Бұл дерттің ауыр түріне шалдыққан пациенттер бар екенін білдіреді. Тәулігіне 5-10 адам түседі. Инфекциялық стационарларды жауып, коронавируспен байланысты емес медицинаны қолға алғымыз келеді, – деді Нұрлан Айманов.

Нұрлан Аймановтың сөзінше, облыстың 370 мың тұрғыны қауіпті індетке қарсы екпе салдыруы тиіс. Бірақ әзірге 304,2 мың адам ғана вакцинаның бірінші компонентін алды. Ревакцинациядан 196 мың тұрғынның 100,8 мыңы ғана өтті.

– Қазір өңірдегі бес емдеу мекемесінде – облыстық көпбейінді ауруханада, қалалық және облыстық балалар ауруханасында, инфекциялық ауруханада және облыстық фтизиопульмонология орталығында стационарлар жұмыс істеп тұр. Облыстық балалар ауруханасында бір ғана бала ем алып жатыр. Осы уақытқа дейін вакцинацияның нәтижесін көрдік. Екпе алған адамда ауру жеңіл өтеді, мұны тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан халықты вакцина салдыруға шақырамыз, – дейді Нұрлан Айманов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp