«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫС КОСТЮМДЕРІН ҰЛТТЫҚ КИІМГЕ АУЫСТЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық әкімдігі әз-Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық киімдегі апта» мерекелік челленджін өткізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің қызметкерлері жұмысқа әдеттегі жұмыс формасының орнына ұлттық нақыштағы ою-өрнегі бар киімдер киюде. Бұл шараға өзге ұлт өкілдері де қызығушылық танытып, шапан мен қамзол киген.

– Былтыр қала әкімі Болат Жұмабековтің бастамасымен қолға алынған дәстүр жалғасын табуда. Биыл ешкім еске салмаса да, әкімдік қызметкерлері өздері киініп келді, – деп хабарлады жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметкерлер Наурыз мерекесіне арналған бастаманы аудан әкімдіктеріндегі әріптестеріне жолдады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp