«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.03.2022

ПЕТРОПАВЛДА МАС ТҰРҒЫННЫҢ ҮЙІНЕН ШОЛАҚ МЫЛТЫҚ ТАБЫЛДЫ

“102” байланыс арнасына алкогольдік ішімдік ішіп, отбасы мүшелеріне маза бермей, жанжал шығарған 61 жастағы тұрғынның үстінен шағым түсті. Оқиғаның анық-қанығын анықтау барысында баспанадан тегіс ұңғылы шолақ мылтық табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПАРАЛИМПИАДАШЫ АЛЕКСАНДР ГЕРЛИЦТІ «ҚҰРМЕТ»ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшы Александр Герлиц пен Паралимпиада комитетінің жаттықтырушыларын Бейжіңдегі ойындарда жақсы нәтиже көрсеткені үшін марапаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҰЛЫЛАРЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҚЫЗЫЛЖАР

Қызылжарда “Ұлтын сүйген ұлы­лар” атты дүбірлі айтыс өтті. Респуб­ли­калық аламан көркем сөздің ше­бер­лері Ғабит Мүсіреповтің 120 жыл­дығына, Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығына және Кәкімбек Са­лықовтың 90 жылдығына арналды. От ауызды, орақ тілді ақындар елі­міздің іші-сыртында болып жатқан елеулі оқиғаларды тілге тиек етті. Жақында орын алған “Қанды қаңтар” оқиғасы, халықты қысқан қымбатшы­лық жайы да сөз болды. Қызылжар­дан …

ҰЛЫЛАРЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҚЫЗЫЛЖАР Read More »

АКАДЕМИЯ БОЛЫП ҚҰРЫЛДЫ

Петропавлдағы Ұлттық ұланның әскери институты академия болып қайта құрылды. Білім ордасында ұйымдастырылған салтанатты шара кезінде офицерлер мен курсанттар сап түзеп, мемлекеттік Әнұранды орындады.

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖАҚСЫ АҒА

Халқымыз өмірден көрген-түйгені де, келер ұрпаққа айтар ұлағаты сөзі де, өнеге тұтар ғибраты да мол қадірлі қарттарды асыл қазынаға балайды ғой. Еңбегімен елге танылып, адамгершілік қасиетімен зор құрметке бөленіп отырған ардагер Жақсылық Қабдоллаұлы Ысқақов – Солтүстік Қазақстан облысында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де есімі құрметпен аталатын ақсақал.

ДАЛАНЫҢ ДАРА СУРЕТКЕРІ

Туғанына биыл 120 жыл толғалы отырған қазақ көркемсөзінің кәусар бұлағындай Ғабит Мүсіреповтің көзін көрген, сөзін тыңдаған бүгінгі аға ұр­пақ өкілі – біздерге жазушы жайында ес­телік айтудың артықтығы болмас деймін.

ТҰЛПАРДЫ ТҰЯҒЫНАН ТАНЫҒАН

Қазақ пен жылқы – егіз. Әрі қазақ баласы ертеден асау үйретіп, ат жалында ойнаған, тұлпар баптау­ды бес саусағындай білген. Атбегілер жүйрік болар жылқыны құлын кезінен таныған, демек, аттың сынына аса мән берген. Бәйге алар атты қанжілік қылып шаршатпай, бабымен баққан, құнан шыққанда қолтығын жаздырып, ал аламанға қосар кезде оны аяңдатып, желдіріп, тұла бойын ауырлатқан, ащы …

ТҰЛПАРДЫ ТҰЯҒЫНАН ТАНЫҒАН Read More »

БАБАДАН ЖЕТКЕН МИРАС

Наурыз – шығыс халықтарының мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Махмұд Қашқари, Омар Һаямнан бастап, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаевқа дейін Наурыз туралы еңбектер жазып қалдырған. Бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Наурыз мерекесінде жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау қасиеттері көрініс тауып, кейінгі ұрпақ сол жақсы өнегеден үлгі алған.

СИРЕК ТАЛАНТ ИЕСІ

Биылғы жыл айтулы оқиғаларға, мерейлі даталарға толы. Жерлесіміз, қазақ сөз өнерінің майталман шебері, сирек талант иесі Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толады. Артына өшпес, өлмес мұра қалдырған халық жазушысының оқырмандарын тамсандырған өмір жолы мен шығармашылық талантын солтүстікқазақстандықтар жақсы біледі, зор құрмет тұтады.

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ҚАНАТЫН ЖАЙДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында «Еңбек» бағдарламасы аясында көшіп келген шебер ағаштан ұлттық музыкалық аспаптар мен тұрмыстық заттар жасайтын цех ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИКБОКСШЫЛАР 9 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Солтүстікқазақстандық спортшылар Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, 3 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлде еншіледі. Ерлер мен әйелдер арасында ұйымдастырылған сайыста 200-ден астам адам бақ сынаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚАЗАҚСТАН ҚАНТПЕН ТЕК ІШКІ НАРЫҚТЫ ҒАНА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН БОЛАДЫ

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы 22 ақпандағы «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа енгізілетін өзгерістерді дайындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ

Жүз жылдан астам тарихы бар қа­сиетті қарашаңырақ – “Soltústik Qa­zaqstan” газеті ұжымының өңірімізге алыстан ат арытып келген белгілі тұлғаларды мейман ететін игі дәстүрі бар. Редакциямызға есімі елімізге белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек келіп, ұжым мүшелерімен кездесті. “Қызыл­жар-Ақпарат” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің директоры Жа­рас­бай Сүлейменов мейманды ұжым­ға таныстырып, алаш ардақты­ла­­рының қолтаңбасы …

ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ Read More »

АУЫЛҒА ҚАЖЕТІ — АУЫЗСУ

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясы өтті. Депутаттар жиналысында өңірдің елді мекендерін ауызсумен қамтамасыз ету туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Ілиясовтың есебі тыңдалды. Баяндамашы депутаттарды елді мекендерге су беру жағдайымен таныстырып, проблемалық мәселелер және оларды шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Қазіргі уақытта 250 мың адам тұратын …

АУЫЛҒА ҚАЖЕТІ — АУЫЗСУ Read More »

ПАРАЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІНЕ — ПӘТЕР КІЛТІ

Облыстық әкімдікте Бейжіңдегі Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшылардың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов төрткүл әлем көз тіккен жарыста ел намысын қорғаған ұлттық құрама мүшелерін құттықтады.