«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жүз жылдан астам тарихы бар қа­сиетті қарашаңырақ – “Soltústik Qa­zaqstan” газеті ұжымының өңірімізге алыстан ат арытып келген белгілі тұлғаларды мейман ететін игі дәстүрі бар. Редакциямызға есімі елімізге белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек келіп, ұжым мүшелерімен кездесті. “Қызыл­жар-Ақпарат” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің директоры Жа­рас­бай Сүлейменов мейманды ұжым­ға таныстырып, алаш ардақты­ла­­рының қолтаңбасы қалған басы­лым­ның бүгінгі тіршілік-тынысы жай­лы айтып берді.

Ақберен Елгезек терең де мағы­налы өлеңдерімен қазіргі қазақ поэ­зиясының, соның ішінде филосо­фия­лық жанрдың дамуына ерекше үлес қосып келеді. Қазақ әдебиетінің қоржынына олжа салған аға буын өкіл­дері оны “поэзияға келген құбы­лыс” деп те бағалаған.

Алматылық мейман халқымыздың небір арыстарының айшықты іздері сайрап жатқан облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінің ұжымымен та­нысқанына қуанышты екенін жеткі­зіп, Қазақстан Жазушылар одағының жұмысы, алдағы жоспарлары жайлы айтып берді. Сонымен қа­тар ақын­ның газет-журнал, кітап оқу­дың, “Бол­­маған балалық шақ” шы­ғар­масының жазылу тарихы, қазіргі қа­зақ әдебиетінің жай-күйі, жас қа­лам­герлердің ізденістері жайлы айт­қан әсерлі әңгімесін журналистер қауы­мы ерекше қызығушылықпен тың­дап, көкейлеріндегі сұрақтарын қоя алды.

Ақынмен болған сұхбаттың толық нұсқасын газетіміздің алдағы санда­рында жариялайтын боламыз.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp