«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИКБОКСШЫЛАР 9 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық спортшылар Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, 3 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлде еншіледі. Ерлер мен әйелдер арасында ұйымдастырылған сайыста 200-ден астам адам бақ сынаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дүбірлі додада Солтүстік Қазақстанның намысын 13 спортшы қорғады. 4 күндік сайыс қорытындысы бойынша Игорь Шанин (91 кг, фул-контакт), Данияр Жарасов (54 кг, фул-контакт) пен Наталья Богданова (65 кг, фул-контакт) 1 орынды еншіледі. Игорь Шанин спорт шебері нормативін орындаған. Осының арқасында аталған спортшылар Түркия елінде өтетін Әлем кубогінің іріктеу жарыстарына жолдама алды. Ол мамырдың 12-сі мен 15-і аралығында Анталия қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Екінші орынға Нұрсұлтан Жақыпов (86 кг, фул-контакт) пен Николай Логинов (91кг) жайғасты. Николай Логинов спорт шебері нормативін орындады.

Ал Альбина Вахитова (70 кг), Павел Деменскии (67кг, фул-контакт), Аслан Асылбеков (60 кг, фул-контакт) және Рахат Қажымуратов (91 кг, фул-контакт) қоржынды қола медальдермен толықтырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp