«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов облыстық балалар ауруханасындағы заманауи қондырғыны іске қосу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Осыдан бірнеше жыл бұрын тұрғындар компьютерлік томографияның жетіспейтінін, кабинеттердегі ұзын-сонар кезек мәселесін көтерген болатын. Біз бұл мәселені біртіндеп шешіп жатырмыз. 2017 жылдан бастап томографтардың саны 4-тен 8-ге дейін көбейді. Жуырда қалалық көпсалалы ауруханада тағы бір кабинет ашылады. Қолданыстағы аппараттарды 1-ші қалалық аурухана мен Ғабит Мүсірепов аудандық ауруханасына жібердік,-деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы облысымызда материалдық-техникалық базаны жаңартып, заманауи медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті. Мәселен, 5 жылда облыста бұл мақсатқа 14 млрд теңге бөлінді. 2 мыңнан астам медициналық қондырғы алынды.

-Ангиограф, маммограф, ультра дыбыстық зерттеу, рентген аппараттарының тапшылығы мәселесі шешілді. Сонымен қатар, өткен жылы сараптамалық сыныптағы 11 УДЗ аппараты сатып алынды, — деді облыс әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp