«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.03.2022

ПЕТРОПАВЛДА ДЕРБЕС РЕЖІМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН 2 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖОЛ ҚИЫЛЫСЫ ПАЙДА БОЛАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов полиция қызметін реформалау мен сервистік формат жұмысы жайлы баяндады, сондай-ақ биылғы жоспарларын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ДАРИҒА-ДӘУРЕН

Петропавлда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевтің “Дариға-дәурен” атты ән кеші өтті. Концертте дәстүрлі әншімен бірге Ақан сері атындағы облыстық филармония өнерпаздары мен өңіріміздің би ансамбльдері де өнер көрсетті.

“Ақиқат” қалай құрылды?

Адам өткенді тез ұмытады. Кешегі уақиғаларды айтсаң, жастар аузын ашып тыңдайды. Оларға ертегі сияқты. Мысалы, КСРО кезінде, әсіресе ХХ ғасырдың 90-шы жылдары дүкенде ет, сүт жетіспеді десең, сенбей қарайды. Кейбіреулерге Тәуелсіздік аспаннан түскендей болып көрінеді. Мен өңірдегі бірден-бір ұлттық басылым оқырмандарына қазақтың жас ғалымдары құрған “Ақиқат” бейресми қоғамдық бірлестігі туралы әңгімелеп бермекпін.

ҰЛЫҚ МЕЙРАМ

Петропавлда биыл наурыз мейрамы бар сән-салтанатымен бірнеше күн бойы тойланды. Айрық­ша күтетін ұлық мейрамда қала тұрғындары мен қонақтарына қызықты бағдарла­малар ұсынылды.

АСФАЛЬТ ТӨСЕЛГЕНІМЕН, АУЫЗСУ ӘЛІ ЖЕТПЕПТІ

Мамлют ауданының орталығына жақын орналасқан Белое ауылында ауызсу мәселесі осы күнге дейін шешімін таппаған. Естеріңізде болса, газетіміздің өткен сандарында Покровкадағы осыған ұқ­сас жағдайды тілге тиек еткен едік. Аудандық әкімдік қаржы бөлінгенін, биыл жазда тұрғындар ауыз­суға қарық болатынын айтып қуантты. Ал Белое ауылына кезек қашан келерін дөп басып айту қиын.

КҮЛДІ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ КЕРЕК

Облысқа жұмыс сапарымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев келді. Министр Петропавлдағы жақында мұржасы құлаған №2 жылу-электр орталығындағы жағдаймен танысты.

Қымбат қондырғы — қолжетімді

Облыстық балалар ауруханасына жаңадан сатып алынған компьютерлік томограф орнатылып, іске қосылды. Заманауи қондырғының жұмысымен облыс әкімі Құмар Ақсақалов танысты.

ЗАҢ ТАЛАБЫ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” Жолдауында құқық қорғау институттарын күшейту мәселелеріне айрықша басымдық берді. Мемлекет басшысы атап өткендей, Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және ол республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Алайда, жасыратыны жоқ, белгілі бір заң актісі немесе шешім оған сай келе ме деген сұраққа нақты жауап беруде қиындық тудыратын …

ЗАҢ ТАЛАБЫ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ Read More »

Жол биыл жөнделеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халықпен кездесулер өткізуде. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданына қарасты Шаховское елді мекенінде болып, тұрғындардың көптен бері шешілмей келе жатқан әлеуметтік мәселелерімен жақынырақ танысты.