«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ДАРИҒА-ДӘУРЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевтің “Дариға-дәурен” атты ән кеші өтті. Концертте дәстүрлі әншімен бірге Ақан сері атындағы облыстық филармония өнерпаздары мен өңіріміздің би ансамбльдері де өнер көрсетті.

Рамазан Стамғазиев бұл концерт­те әндерінің көбін Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен орындады. Кеш шы­мылдығы Ақан серінің “Алтыбасар” әнімен ашылды. Бұл концертте сах­нада көп айтыла бермейтін халық ән­дері мен есімдері ұмытыла бастаған дала композиторларының “Ойланшы өзің”, “Жиырма бес”, “Шәмші-Бану”, “Бозторғай”, “Асылжай” сияқты туындылары шырқалып, теріскейлік кө-рерменнің жүрегіне жол тартты.

– Теледидардан талай көретінбіз, енді өзін көрейік деген арманмен ке­ліп отырмыз. Жақсы концерт болды. Қандай биікке жетіп жатса да, қазақы қарапайым қалпынан айныған емес. Осы кішіпейілдігімен, әрі қазақ әнінің бар қадір-қасиетін бойына сіңіргенді­гі­мен де болар әншіні жаныма жақын тартамын. Ол өзінің кербез даусымен көрерменнің жүрегіне жылу ұялата­ды. Әсіресе оның орындауындағы “Ақ­шашақ”, “Ноғайбайдың әні”, “Хаули­ли­лау”, “Қырбайсалдың әні”, “Сағынсаң қалқам өзің кел”, “Секіртпелі сем-сем”, “Жаса Қазақстан” әндерін зор ықыласпен тыңдадым, – дейді қала тұрғыны Сәндігүл Боранбаева.

Өнер десе ішер асын жерге қоятын көрерменнің сұрауымен “Дариға-дәурен” әнін екі рет орындады. Несіп­бек Айтұлы мен Тұрсынжан Шапай­дың туындысын Рамазан Стамғазиев бұған дейін домбырамен орындап келген болатын. Қызылжарда тұңғыш рет оркестрдің сүйемелдеуімен шыр­қал­ды. Әнді оркестрге бейімдеген Се­гіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі Қайырлы Ғафуров екенін айта кеткен жөн.

Концерт соңында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі бас­қармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жамантаев әншіге Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp